Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатын медальсіз аяқтады

Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатын медальсіз аяқтады

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жарыс жолынан шығып қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Қамшыбек - ел құрамасындағы тәжірибелі боксшылардың бірі.

 

Оның қарсыласы - өзбекстандық Баходир Джалолов. Олар бұдан бұрын бірнеше мәрте кездескен еді. Басым бөлігінде өзбекстандық боксшы жеңіске жеткен болатын.

 

2019 жылы әлем чемпионатында Қамшыбек финалда аталған қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтқан еді. Ал 2020 жылғы Токио Олимпиадасында Баходир - алтын, Қамшыбек қола медаль алды.

 

Боксшылар алғашқы екі раундта бір-біріне қарсы шабуылға шықты. Десе де, сақтық жасауды да ұмытқан жоқ. Қолайлы сәтте соққы жұмсап, ұпай алуға күш салды. Екі раундта да төрешілер өзбек боксшысына оң көз танытты.

 

Үшінші раундта Қамшыбек басымдығын арттыра түсті. Қарсыласына бірнеше соққы жасап үлгерді. Алайда, бұл жеңіске жетуіне пайдасын тигізген жоқ. Нәтижесінде Б.Джалолов жартылай финалға жолдама алды.

 

Еске салсақ, бұдан бұрын кешкі сессияда Дулат Бекбауов (67 келі), Махмуд Сабырхан, Санжар Ташкенбай бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

Ал күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) кубалық Сайдел Орта Родригеске есе жіберді.

 

Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) да жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

 

Айта кетсек, боксшылар жартылай финал ойындарын 12 мамырда өткізсе, финал 13 және 14 мамыр күндеріне белгіленген.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста