"Бір тәжік боксшысы үш қазақты тоқтатты": бас бапкер спортшылардың нәтижесіне қынжылды

"Бір тәжік боксшысы үш қазақты тоқтатты": бас бапкер спортшылардың нәтижесіне қынжылды

Астанада бокстан "Елорда кубогі" халықаралық турнирі аяқталды. Аталған турнирде Қазақстан командасы сегіз алтын алса да, бас бапкер Мырзағали Айтжанов кейбір салмақтағы нәтижелерге көңіл толмайтынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Кaz.nur.kz тілшісі Bassport.kz-ке сілтеме жасап жазды.

63,5 келі салмақта Қазақстан атынан 11 боксшы сынға түскен болатын. Алайда бұл салмақта таиландтық боксшының мықтылығы анық білінді.

 

"Бірнеше Қазақстан чемпионы Азия ойындарына жолдамаға таласса да, Таиландтан келген Хунатип Пиднух мықтылығын паш етті. Жартылай финалда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен финалдық жекпе-жекте Ертуған Зейнуллиновке оңай болмады. Енді Париж Олимпиадасында жүлде алуды қоя тұрып, Азия ойындарында жолдама алудың өзі қиын болғалы тұр. Әлем чемпионы Руслан Абдуллаев (Өзбекстан), Шива Тапа (Үндістан), әлем чемпионатының қола жүлдегері Баһадүр Усмонов (Тәжікстан), Моңғолия боксшысы бар. Әлі де шеберлікті шыңдауды талап етеді. Елімізден Азия ойындарына нақты кім баратыны тамыз айында шешіледі", - деді бас бапкер.

 

Сондай-ақ 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тәжікстан боксшысы Шамшер Саидов топ жарды. Бұл салмақтағы күміс және қола жүлделерді қазақ боксшылары иеленген.

 

"67 келідегі отандық боксшылар әлі көп тер төгуі қажет. Бір ғана Тәжікстан боксшысы Шамшер Саидов 3 қазақты тоқтатты. Әлі танымал емес. Бірақ күші көп, мығым екендігі көрінеді. Өкінішке қарай, тәжік боксшысының кілтін ешкім таба алмады", - деді Айтжанов.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста