«Жапония елі» апталығы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен 5-10 қараша аралығында Жапон елінің апталығы аталып өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты - дәстүрлі және қазіргі заманғы жапон мәдениетімен факультет студенттерін таныстырып, білім беру саласында ынтымақтастықты кеңейтіп, біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға өз үлесін қосу.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы – шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін жоғары дәрежеде оқытатын көшбасшы кафедралардың бірі. Шетелдік азаматтарды қазақ және орыс тілдерін меңгеруге ынталандыруда, білім берудің сапасын көтеруде, мәдениетаралық байланысты дамытуда және Жапонияның жоғарғы оқу орындарымен серіктестікті дамыту барысында кафедраның қызметі зор.

Іс-шараға факультет оқытушы-профессорлары мен Қытай, Корея, Ауғанстан, Швейцария, Италия, Франция, Жапония және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер қатысты.

Біздің факультетте өткізілген «Жапония елі» апталығында Жапониядан келген студенттер өздерінің елдерінің мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстырды, ұлттық киімдерін көрсетіп, салт-дәстүрлерінен көріністер қойды. Студенттер өз қолдарымен әзірлеген Жапон елінің ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.

Апталық барысында факультет студенттері «Біз Жапония жөнінде не білеміз» атты сұрақ-жауап интелектуалды ойын-сайысына түсті. Жапония елі туралы көрме ұйымдастырылып, сол елдің тарихы, салт-дәстүрі, ұлттық нақышы, киімі, тағамы мен мәдениеті, өнері таныстырылды. «Жұмбаққа толы Жапония» тақырыбында музыкалық-поэтикалық кеш өтті. Бұл кеште Жапон елінің ертегілер әлеміне саяхат жасап, студенттер дайындаған қойылымдарын көрсетті. Кеш барысында жапон, орыс, қазақ тілдерінде өлеңдер оқылып, әндер орындалды.

Апталық барысында өткен іс-шара арқылы факультеттегі шетелдік студенттер Жапония елінің мәдениеті, әдет-ғұрпы мен тарихы, сондай-ақ, Қазақстан мен Жапония қатынастары туралы жаңа мағлұматтармен таныс болды.

Шетелдік студенттер танымдық-мәдени іс-шараларға қатысу арқылы осы факультетте тек қана білім алып қана қоймай, мәдени іс-шараларға да араласып, мәдени, рухани өсуге болатынына көз жеткізіп отырады.

А.Е. Саденова., Л.С. Торохтий
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім
беру дайындығы кафедрасының оқытушылары

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста