Түркістан облысында мұғалімдер оқушының орнына тест тапсырған

Түркістан облысында мұғалімдер оқушының орнына тест тапсырған

Түркістан облысы Келес ауданында 9-сынып оқушысының тест тапсырмаларын мұғалімдер орындап берген. Мұндай фактіні облыстық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Департамент басшысы Ғалымжан Алматовтың мәліметінше, бұл оқиға «Болашақ» атындағы №43 жалпы орта мектепте болған.

 

Сала жауаптылары мемлекеттік аттестаттауға бақылаушы ретінде қатысу барысында әжетханаға сұранып шыққан оқушының тапсырмаларын компьютеріндегі паролі арқылы қашықтан басқарылғанын анықтаған. Оның видеосы да пайда болды. Бейнежазбадан 13-ші сұрақ белгіленбеген қалпында  және қызыл белгіні көрсетіп тұғанын байқауға болады. Алайда оқушы пароль/логинімен қайта кірсе, бұл сұрақтың жауабы белгіленген.

 

 

Аталған оқиға бойынша мектеп директорына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

 

Ал Арыс қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №11 мектепте оқушылардың білім деңгейін тестілеу кезінде 9 «В» сынып оқушысынан ұялы телефон табылған. Тыйым салынған заттарды анықтау актісі жасалып, тест тапсырушы аудиториядан шығарылған. Бұл жағдайға қатысты да аталған білім ұясының директор міндетін атқарушыға сөгіс берілді.

 

Департамент басшысы ұстаздар қауымын болашақ ұрпақты адал білім мен тәрбиеге баулуға, оқушылардың бойына жаман әдеттерді сіңірмеуге, оңай жолмен баға алуды үйретпеуге шақырды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста