Тілге құрмет – елге құрмет!

Тілге құрмет – елге құрмет!

Қазақстан - 130-дан астам ұлыс өкілдері тұратын көпұлтты мемлекет және олардың әрқайсысының өзінің ұлттық ерекшелігін, мәдениетін айқындайтын туған тілдері бар. Ата Заңымыз бойынша әр ұлт өкілдерінің өз ана тілінде сөйлеуіне, білім алуына, өнері мен мәдениетімен сусындауына шек қойылмаған.  Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. Соның бір көрінісі ретінде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» кәсіби мерекесі ретінде бекітілгенін атап өтуге болады.

 

«Тілге құрмет – елге құрмет!». Біз тарихтан басқыншылық саясат салдарынан көптеген ұлттардың өз туған тілін мүлдем жоғалтқанын білеміз. «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін жоғалтқан елдің болашағы болмайды, құрдымға кетеді. Қазақстан ең басты қазынасы - адам және оның құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде республика халқының тілдеріне құрмет жасап келеді және олардың елдігінің, рухани құндылықтарының сақталуына кепіл болады. Қазақстан халықтарының ассамблеясы қызметінің аясында әр ұлттың тілін үйрету, мәдениетін насихаттау орталықтары құрылды, бұқаралық ақпарат құралдары таратылады және түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

 

Қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлылығы, кішіпейілдігі арқасында елімізде тіл жағынан қысым көріп отырған ешқандай ұлт жоқ. Бес қазақ отырып, арасындағы жалғыз орысқа бола соның тілінде әңгімелесетін жергілікті халық өзге ұлттардың тіліне, дініне, мәдениетіне ежелден құрмет көрсетіп келеді.

 

Тіл – ұлт пен ұлтты араластыратын, байланыстыратын, достастыратын жетекші құрал. Ұлы жібек жолымен сауда жасап, Үндістан, Қытай, қиыр шығыс, таяу шығыс, еуропа мемлекеттерін аралаған ата-бабамыз сол елдердің тілдерін үйрену арқылы олардың қолөнерін, білімін, мәдениетін қазақ даласына алып келді. Шығыстың ұлы ғұламасы, әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби 70-ке жуық тіл білсе,  қазақтың ұлы ақыны Абай қазақша, орысша, парсыша, татарша, араб, көне түрік және шығыс тілдерін жетік меңгерген. Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов қазақ, орыс, парсы, неміс, француз, ағылшын, араб тілдерін, ал қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, түркітанушы Құдайберген Жұбанов ана тілінен бөлек араб, орыс, парсы, моңғол, шуас, грузин, коми, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс үйреніп, жалпы – он төрт тілді білген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та полиглоттар қатарында. Президентіміз мемлекеттік тілмен қатар, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін жетік меңгерген.

 

«Жеті жұрттың тілін біл, өз тіліңде өмір сүр», «Тіл - достықтың алтын көпірі», «Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ», «Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем», «Өнерді үйрен, үйрен де жирен» деген қазақтың мақалдары мен нақыл сөздері көптілділікті насихаттап, өзге елдің тілін білудің пайдалы екендігін көрсетсе керек. Себебі, көптілділік – заман талабы. Халықтар арасындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени байланыстардың ұлғая түсуі себепті, ана тілінен бөлек шет мемлекеттер тілін де меңгеру қажеттілігі күннен-күнге арта түсуде.

 

 Білім беру саласындағы жүзеге асырылып жатқан «қостілділік», «үш тұғырлы тіл» саясаттары қазақ үшін дер кезінде қолға алынып отырған, игілікті іс-шара. Алдымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тіліне - мемлекеттік тіл, ал орыс тіліне ресми түрде қазақ тілімен тең қолдану мәртебесінің берілуі барлық қазақстандықтарға қостілділікті меңгеру, яғни тарихи отанымыздың төл тілі – қазақ тілін, сонымен қатар, бүгінгі таңда ұлтаралық байланыс тілі болып отырған орыс тілін білу қажеттілігімен байланыстырылады. Ал, әлемдегі ең көп ұлттар қолданатын ағылшын тілін мектептерде міндетті түрде оқыту - мемлекетіміздің болашағы болатын жастарға заман ағымынан қалмай, әлемдік ғылым-білім, техниканы, ақпараттық техналогияны, мәдениетті меңгеру қажеттілігінен туындап отыр.

 

         Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің. Қазіргі таңда шет тілдерін білгеннің пайдалы тұстарының көптігі ешқандай дау тудырмайды және дәлелдеуді қажет етпейді. Дегенімен, бүгінгі қазақ жастарының өз ана тілін жетік білмеуі, ойын қазақша толық жеткізе алмай, тіл шұбарлығына жол беруі салдарынан тұрмыстық әдеби терминдердің өзгерістерге ұшырап, тіпті жоғала бастағаны қазақтың басындағы қазіргі өзекті мәселенің бірі болып тұр. Оған себеп – қазақ жастарының қазақ әдебиеті мен поэзиясын оқуға деген ынтасының төмендеуі деп білеміз.  Заманауи талапқа сай келетін қазақша көркем әдебиет саны өте аз, сол себепті жастар батыс әдебиеті мен мәдениетіне көбірек қызығушылық танытуда. Ал, өз туған тілінде сауат ашып, білім алмаған, әдебиеті мен мәдениетіне сусындамай өскен ұрпақ ұлттың, тілдің жоғалуына тікелей себепші болады.       Сол себепті, біз бүгінгі жас ұрпағымызды ұлттық рух бағытында, патриоттық сана-сезіммен тәрбиелеуге күш салуымыз қажет.

 

Қадыр Мырзалиев жазғандай, өзге тілдің бәрін білейік, өз тілімізді құрметтейік, ағайын!

 

 

 

 

Әль Фараби ат. ҚазҰУ шетелдіктердін тілдік

және жалпы білім беру дайындығы

кафедрасының доценттері Озекбаева Н.А.,

Даркембаева Р.Д.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста