Шетелдіктер «Қазақстан халқының тілдері» мерекесін атап өтті

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының "Өлкенің тарихы және мәдениеті" танымдық орталығы куратор-эдвайзерлерімен бірлесіп, орыс тілін үйреніп жүрген шетелдік студенттерге «Қазақстан халқының тілдері» мерекесіне арналған «Тіл - достықтың айғағы» тақырыбында іс-шараны онлайн форматта өткізді.

 

Іс-шара барысында аға оқытушы Т.В. Курманова жиналған қауымды «5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күнімен» құттықтап, қазақ тілі жайында ой-толғамдарын жеткізе, келелі ойларымен бөлісті. «1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлтаралық тіл деп бекітілді. Бұл мереке1998 жылдан бері аталып келеді. Сол жылы ҚР президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қыркүйектің 22 - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. 2017 жылы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Тілдер күнін 5-қыркүйек деп бекітті. Сол күні тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы өмір есігін ашқан. Мерекелік датаның сол күнге ауыстырылуы ұлт зиялысының еңбегіне жасалған құрметтің бір белгісі. Еліміздің көпұлтты болуына байланысты, бұл мерекені Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері мен ұлыстар атап өтеді», - деп жастарды пікірлесуге шақырды.  

 

Іс-шара барысында ары қарай сөз алған М.А. Азнабакиева: «Қазақ тілі пәнінің» оқытылу барысы, қазіргі уақытта мемлекеттік тілді кәсіби тұрғыда меңгертудің өзектілігі жайлы сөз етіп, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!- деді.

 

Аталмыш шарада қазақ тілінің бүгіні мен болашағы және әр тілдің бірегейлігі мен өзгешілігін ашуға бағытталды және мемлекеттік тіл туралы оралымды ой тасталып, тұшымды пікірлер айтылды. Студенттер Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі жөнінде көптеген сұрақтар қойды.

 

«Тіл - достықтың айғағы» атты мемлекеттік тіл мерекесіне арналған онлайн іс-шара мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар бұл онлайн өткен іс-шара студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деп санауға болады.

 

 

 

Саденова А.Е., Ахмедова А.К.
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының оқытушылары

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста