Қазақстанда француз тілінің оқытылуы

Қазақстанда француз тілінің оқытылуы

Айтжанова Гүлнара Досхожаевна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының

оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты

 

 

Франция мен Қазақстанның ынтымақтастығы соңғы кездері қарқынды дамуда. Соның бір айғағы ретінде Франция Республикасы Президентінің арнаулы өкілі Изабель Дюмон ханымның 5-6 сәуірдегі Қазақстанға жұмыс сапарын атап айтуға болады.

 

Дюмон ханым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, оған Президент Э.Макронның хатын тапсырды. Кездесу кезінде Дюмон ханым мен Президент Тоқаев аймақтар жағдайы жөнінде пікір алмасты. Екіжақты қарым-қатынасқа байланысты бірнеше құжат жайлы да сөз қозғалды.

 

Мақтанарлық жайт: Қазақстан мен Франция білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілуде.

 

Францияның алдыңғы қатарлы “Нехаgone” информатика жоғарғы мектебінің басшысы С.Дерин  басқарған делегация Қазақстанға іс-сапармен келді.

 

Мектеп өкілдерін  ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі С.Нұрбек қабылдады. Кездесу барысында аталған мектептің Қазақстандық жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту, бірлескен білім беру мен қос дипломдық бағдарламалар, мамандармен тәжірибе алмасу және де таяу болашақта елімізде аталған мектептің филиалын ашу жайлы сөз болды.

 

Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Францияның көптеген ЖОО-ларымен серіктестік орнатып, түрлі білім беру бағдарламалары мен ғылыми-инновациялық жобаларды табысты жүзеге асырып жатқандығын айтқым келеді.

 

ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев  Total Eren компаниясының бас директоры Тьерри Плезанмен  кездесіп, Total Eren компаниясының Алматыдағы бөлімшесін ҚазҰУ-да ашуды ұсынды. “Бұл бастама арқылы біздің студенттер Total Eren компаниясынан тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, магистратура мен бакалавриатта ортақ білім беру бағдарламаларын дайындау қажет. Себебі еліміздегі химия, физика және география саласында білікті және білімді мамандар қажет”- деді ректор Жансейіт Түймебаев.

2023-2024 оқу жылында екінші курстың 30 магистранты мен Қазақстан мен Франциядағы ғылыми жетекшілермен бірге диссертация дайындайтын 5 докторант “Абай-Верн“  стипендиясының иегері атана алады.

 

“Абай-Верн“  стипендиясын жеңіп алған магистранттарға Ұлттық банк бойынша ай сайын 800 евро, докторанттарға 1200 евро мөлшерінде стипендия төленеді. Сондай-ақ, стипендия Франциядағы университет жатақханасынан орын алуға артықшылықты құқықтарға ие болып, ұзақ мерзімді студенттік виза және француздық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тегін тіркеле алады.

 

“Абай-Верн“  академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады. Кандидаттарды іріктеу франко-қазақстандық тәуелсіз комиссия жүргізеді. Байқау нәтижелері 2023 жылдың шілде айының ортасында Францияның Қазақстандағы елшілігінің сайтында жарияланады.

 

Білім беру саласындағы екі мемелекет арасындағы қарым-қатынастың осындай мүмкіндіктерін неге пайдаланбасқа? Бағдарламаға қатысу үшін француз тілін В2 деңгейінде білу талаптардың бірі - сондықтан да, осыдан туындайтын сұрақ “Қазақстанда француз тілі қалай оқытылып жатыр?”

 

Соңғы отыз жылдықта француз тілін оқыту көптеген мектеп бағдарламаларынан алынып тасталған. Тіпті базалық университет - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде де француз тілі факультеті жабылып қалған болатын.

 

Дегенмен де, жоғарыдағы атап айтылған қарым-қатынастарды жүзеге асыру мақсатында француз тілін мектеп, ЖОО-дары деңгейінде күшейту керек. Француз тілі оқытушыларының Ассоциациясында тіркелген 130 француз тілінің мұғалімдері бар.

 

Айтпақшы, кеше ғана Қазақстанда Франция елшілігінің білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі аймақтық Атташе  Ксавье Ле Торивеллек мырза  «Қазақстан мектептерінде француз тілін оқытудың жаңа бағдарламасын « Алтынсарин атындағы білім Академиясының бекіткенін қуана хабарлады.

 

Қазақстан мен Франция арасындағы білім беру саласында ЖОО-дар атом өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, инженерлік ғылымдар бағыттарындағы ортақ жобаларды табысты жүзеге асыру үшін үміткерлерге  француз тілін жетік меңгерген абзал.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста