Петропавлда оқушы мектепте балтамен шабуылдап, үш баланы жарақаттады

Петропавлда оқушы мектепте балтамен шабуылдап, үш баланы жарақаттады

Оқу орнындағы оқыс жағдай. Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, балаларға шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Үш оқушы жараланды. Бетперде киіп, жан-жағына балта сілтеген жеткіншекті өзімен қатарлас балалар тоқтатып, ұстаздарына хабар берген.

 

Қазір басы мен иығынан жараланған екі оқушы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Мектептегі төтенше оқиғаға қатысты тергеу басталды.

 

Оқиға бірінші ауысымның сабағы басталар кезде болған. 15 жастағы оқушы балта мен пышақты сөмкесіне салып алып келіпті. Тіпті дәретханаға кіріп, басына бетпердені киіп алған. Сөйтіп жайбарақат жиналып тұрған балаларға тап береді. Қолындағы балтасымен бастан дәлдеп ұрып үш оқушыны жарақаттаған. Мектептің іші азан-қазан болып, қарулы жасөспірімді балалар әрең тоқтатты.   

 

Қайсар Әбішев, Петропавл қаласы прокурорының орынбасары:

 

- Ол кәмелетке толмаған бала полиция қызметкерлерімен қамауға алынды. 99 бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлығы анықталады, сот шешім қабылдайды.

 

Қамауға алынған жеткіншек жайлы жан-жақты тексеріс жүріп жатыр. Жасөспірімнің денсаулығында кінәраты болғанға ұқсайды. Ол 2021 жылы «депрессия» диагнозымен психдиспансерде ем алған екен.

 

Алмагүл Қасымова, Петропавл қаласындағы  №4 мектеп директорының орынбасары:

 

- Емделіп келген соң психолог онымен жұмыс істеп жүрді. Және де ол балалардан ешқандай қиындық көрген жоқ. Өз-өзімен оқып, ақырын жүре берген бала.

 

Ақырын ғана жүрген баланың дәл қазіргі психологиялық денсаулығы қалай екені әзірге белгісіз. Ал жансақтау бөлімінде жатқан оқушыларға ота жасалған.

 

Галина Бейсекеева, зардап шеккен оқушының анасы:

 

- Маған телефон шалып, мектепте оқыс оқиға болды деді. Баламның басынан балтамен ұрғанын айтты да, бәрі жақсы болады деп жұбатты. Жедел жәрдем келіп алып кеткен. Қазір ота жасалып жатыр, баламды әлі көрген жоқпын.

 

Қазір мектепте құзырлы органдар тексеріс бастады. Балалар арасында өзара кикілжің болды ма, жоқ па, оны тергеу анықтайды.

 

Ал қару әкелген жеткіншектің психологиялық ауытқуы болса, ол неге жалпы білім беретін мектепте оқып келді деген сұраққа жауап медициналық сараптамалардан кейін белгілі болады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста