«Өзін-өзі тану» – жаһандану кезеңінде ұрпақ тәрбиелеудің бағдаршамы

Білім берудің ұлттық жүйесі жасөспірім ұрпақты тұлғалық әлеуетінің дамуына, жастар мен балалардың бойында жақсылық, әдемілік, адамгершілік, руханилық, махаббат сияқты ұлттық құндылықтар арқылы адамгершілік және гумандық тәрбиені қалыптастыруға бағытталған. Осы міндеттерді жүзеге асырудың тәжірибелік шешімі, білім берудің адамгершілік рухани жобасы – «Өзін-өзі тану». Жоба авторы Сара Алпысқызы Назарбаева балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың бойында адамгершілік және рухани сапаларды дамытуды басты мақсат етті.
Яғни, кәсіби педагогикалық қауымдастықтың алдында функцияналдық даярлық тұжырымдамасынан тұлғаны үйлісімді дамытуға көшу міндеті қойылды.
«Балалар – біздің бүгініміз және болашағымыз». Әрбір ата-ана баласының таңдауына жауапты. Олар қандай жолды таңдайды? Ал «Өзін-өзі тану» пәні негізгі үш өлшеммен – зияткерлік, этика, эстетикамен көмекке келеді.
«Өзін-өзі тану» пәні сабағында оқытушымен ашық диалог, әлеуметтік рөлдік ойындар, тренингтер жүргізіледі, өзара қарым-қатынас зерттеледі, тәжірибе алмасады, Отанға, қоғамға қызмет ету дағдылары дамиды.
Интеграция идеясы «Өзін-өзі» тану пәнінде бекітілген. Себебі, «...Заманауи әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында тұтас әлем картинасын қалыптастыруға, адамгершілік пен руханилыққа деген қызығушылықты оятуға ерекше көңіл бөлінеді».
«Өзін-өзі тану» пәнаралық пән, онда қазақстандық білім беру кеңістігінде маңызды рөлді орындауға, гуманистік көзқарастың негізін бекітуге шақырады. Басқа барлық білім беру саласы тұтас гуманитарлық білімнің бөлігі болып саналады.
Бұл рухани адамгершілік тәрбие мәселе мені де жалпы және этникалық педагогика кафедрасының оқытушысы болған уақыттан бері ойландырды. Шәкірттерімнің алдында үлкен жауапкершілікті сезіндім. Философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ұжымы әлеуметтік педагогикалық қолдау мен әлеуметтену процессін түзету және балалар мен студент жастардың тұлғасын дамыту аймағында:
- оқушы жастар мен балалардың тұлғасын дамыту және әлеуметтену үдерісін түзету және бағалау қабілеті;
- қоршаған орта, қоғам, адами қарым-қатынасты реттейтін құқықтық, этикалық нормаларды, гуманитарлық білімді меңгерген;
- педагогикалық қызметте маңызды ұйымдастырушылық, жобалық, құрылымдық, ақпараттық коммуникативті, танымдық дағдыларды меңгерген;
- жастар мен жасөспірімдерді, балалардың тұлғалық дамуы мен толыққанды әлеуметтенуді қамтамасыз ететін педагогикалық технологияларды кеңінен меңгерген жоғары білікті мамандар даярлау міндетін қойды.
Осы міндеттерді орындау барысында мамандық ашу үшін қажетті құжаттар дайындалды: МЖММБС сәйкес оқу бағдарламалары, құзіреттілікті дамытуға бағытталған білім бағдарламалары, білім беру саласына, әсіресе, жалпы білім беру ұйымдарына, арнайы мекемелерге, пенитенциарлық типтегі мекемелерге, сауықтыру орталықтарына, балалар үйіне қажетті мамандар даярлау.
2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ осы мамандық бойынша «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын бірінші студенттер тобын қабылдады. 2014 жылы жалпы және этникалық педагогика кафедрасы алғаш рет «5B012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша бірінші түлектерді даярлап шығарды. Бүгінде кафедраның білікті оқытушы профессор ұжымы төмендегі құзіреттіліктерді: белсенділікті, азаматтықты, патриотизм, толеранттылықты дәріптеуші;
- өзіне, өзгелерге, қоршаған ортаға оң көзқарас;
- өзін, туыстарына, көмекті қажет ететін адамдарға көмек көрсету;
- өмірлік жолын таңдай алатын;
- адамгершілік нормаларға сәйкес әлеуметтену мәселелері бойынша құрылымдық шешімдер дағдыларын меңгерген;
- өз ісіне, сөзіне жауапты;
- рухани адамгершілік білімді дамытуға әрекет етуге қабілетті меңгерген жоғары білімді кәсіби мамандар даярлап жатыр.
Менің ойымша, ХХI ғасырда білім заманауи тұлғаның маңызды сипаттамасы болып саналады. Біз күн сайын оқу тәрбие үдерісінде студенттердің танымдық қызметін ынталандыра отырып, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік жасаймыз. Жас мамандардың қоғамда сұранысқа ие болатынына сенеміз. Себебі, адамның үйлесімді дамуы – үздіксіз үдеріс. Оған қоса, өзін-өзі тану қай заманда да өзекті.


Мамырбекова Г.А.,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының
доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста