Өскеменде ұлағатты ұстазды еске алды

Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К.Крупская медалінің иегері қазақтың «Хан-апасы» атанған Қанипа Бітібаеваны еске алуға арналған «Ұстаз - тағдыр, ұстаз - ғұмыр» кеші өтті, деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап
Тұтас ғұмырын ұстаздыққа арнаған ұстаз биыл тірі болса 1 мамыр күні 70 жасқа толар еді. Қазақ педагогикасының аңызына айналған Қанипа Омарғалиқызын еске алу кешін аталмыш университеттің мұғалімдері мен ұстаздың шәкірттері ұйымдастырып ШҚО филармониясының «Алтай» ансамблі мен университеттің студенттері өнер көрсетті. Жергілікті зиялылар ұстаздың мәнді өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр ақтарды.
Республикамыздың «Ең үздік ұстазы» атағының иегері, Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» атанған Қанипа Бітібаева - 44 кітап, 10 естелік, 150-ден астам ғылыми мақала, 8 мыңдай дидактикалық материалдардың авторы екені белгілі. Кезінде білікті ұстаз Моңғол Халық Республикасының «Даңқты ұстаз» атағының иегері, АҚШ-тың Аризона штаты мен Туссон қаласының «Құрметті азаматы» атанғанын ерекше айтуға болады. Ұлағатты ұстаздың қазақ тілі және әдебиеті бойынша әзірлеген авторлық бағдарламасы республикалық ғылыми-методикалық зертхананың негізі бола алды. Бүгінге дейін Қ. Бітібаеваның өзі құрған атаулы мектептің тәжірибесі еліміздің барлық өңіріне тарап, ұстаздар тарапынан жоғары бағаға ие болған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста