"Мотивацияның "көкесі": Жарыста шәкірттері үшін жан күйдірген ұстаз елді сүйсінтті

"Мотивацияның "көкесі": Жарыста шәкірттері үшін жан күйдірген ұстаз елді сүйсінтті

Ақтөбеде жарыс кезінде оқушыларына ерекше демеу берген мұғалімнің әрекеті көпті сүйсіндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан әскери киімдегі ер адам арқан тартыс кезінде қолын сермеп, сиқырмен желдің бағытын "өзгерткен" ишара жасап, оқушыларды жігерлендіріп жатқанын көруге болады. Ұстазының қолдауы текке кетпей, оқушылар жеңіске жеткен.

 

Интернет қолданушылар мұғалімді бұл әрекеті үшін қолдап, "Балалары үшін күшті қолдау ғой!", "Жарайсың!", "Ағай мотиАвиатор", "Мотиватордың "көкесі" болды!" деп мақтап жатыр.

 

Елдің алғысына бөленген ұстазды іздеп-таптық. Ол - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы 2 мектеп-гимназияның "Алғашқы әскери дайындық" пәнінің мұғалімі Самат Әбдірахманов екен. Желіде "жұлдызға" айналатынын білмепті. Видеоны кім түсіріп,таратқанынан бейхабар.

 

"Ақтөбеде өткен облыстық "Айбын" әскери-патриоттық жарысында болған жайт. Оған 10-11 сыныптың оқушыларынан бір команда жасақтадық. 15 оқушыммен бардым. Арқан тартыс кезінде балалардың қолындағы жеңістің уысынан шығып бара жатқанына шыдамай, өзімше сөзіммен демеген болатынмын. Өзіме арқанды бірге тартуға болмайды, содан өзімше  рухтандырғаным ғой. Ешқандай сиқыр емес, тек әзілмен жігерліндеріп,  мотивация бергенім ғой", - деп күлді Самат Әбдірахманов.

 

 

Оның ұстаздық өтілі - 12 жыл. Мәртөктік оқушылар арқан тартудан командалық есепте үшінші орын алды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста