Маңғыстауда жалған дипломмен сабақ берген мұғалімдер анықталды

Маңғыстауда жалған дипломмен сабақ берген мұғалімдер анықталды

Маңғыстау облысының колледждерінде жалған дипломдармен жұмыс істеген қызметкерлер анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Inbusiness.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап жазды.

Өңірде жалған құжатты пайдаланудың 8 дерегі анықталды, яғни Ақтау колледждерінде – 5 оқытушы, Қарақия ауданында – 3 оқытушы жұмыс істеген.

 

Прокурорлар барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап материалдарды одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін полиция органдарына жолдаған.

 

"Мысалы, құқық бұзушылардың бірі 2 жыл бойы Қарақия кәсіптік колледжінде жалған дипломмен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқытушының жұмысын атқарған.

 

Қарақия ауданының соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша 30 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындаумен қылмыстық жауаптылыққа тартты.

 

Осы тектес құқық бұзушылық үшін аталған сот сол колледждің басқа екі оқытушысына қатысты үкім шығарды, олар жұмыстан босатылды", делінген ведомство хабарламасында.

 

Төрт эпизод бойынша полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген қылмыстық істері рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды.

 

Бір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 

Айта кетейік, 2022 жылы прокуратура ұқсас фактілер бойынша 14 қылмыстық іс тіркеген және осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста