МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ ІС

Жылма-жыл екі жүз мыңға тарта жасөспірімдер орта мектептерде тоғыз,он бір жылдықты аяқтап,ата-анасының кеңесімен,дос-құрбыларының көңілін қимай немесе жүрек қалауымен, оның өмір жолының,болашағының алғашқы бағыт-бағдарын айқындайтын мамандықты таңдап,арнаулы орта немесе жоғары оқу орындарына түсуге талаптанады.Бірақ,уақыт өте келе орны толмас өкініштер мен әттегенайлар орын алады.Неге,неліктен,не себепті деген сан сұрақтар туындап, жас маманның,студент жастардың көңілдеріне күдік ұялатып,жас жүректерін өкініш шоғы мазалайды. Бірақ тағы уақыт өте береді,сан сұрақтар жауапсыз қалып, келесі жылы,келесі жас буын,жасөспірімдер үшін, бұл үрдіс қайта қайталанады.
«Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздікпе, жаман өткіздікпе, әйтеуір бірталай өмірді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық, әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық, қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәріқоршылық екенін көрдік. Ал енді қалған өміріміздің қалай,не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзін де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан көңілі басылмаған жастар бағамын демесе бізді құдай сақтасын.
Мал бағу? Жоқ баға алмаймын, балалар өздеріне керегін өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің көре алмайтын ұры, залым тілемсектердің азығын бағып беремін деп қалған азғана өмірімді қорқылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ ғалым бағарға да ғалым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретесің,білмегеніңді кімнен сұрайсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып,қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар мұңдасын, шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғалым өзі бір тез қартайтатұғын күйік.
Сопылық қылып, дін бағу? Жоқ ол да болмайдыоған да тыныштық керек не көңілінде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ осы елде осы жерде не қылған сопылық?
Балаларды бағу - жоқ баға алмаймын, бағар едім қалай бағудың мәнісінде білмеймін, не болсын деп бағам қай елге қосайын, қай қарекетке қосайын. Баларымның өздеріне ілгері өмірінің білімнің пайдасын тыныштық пен көрерлік орнын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын не бол деп бағам?
Оны да ермек қыла алмаймын»,- деп Абай атамыздаөткен өміріне өкінішпен қарап, ой таразылап, ұрпағына өсиет етіп қалдырған «Қарасөздерінің» алғашқысын түйіндеген болатын.
Неткен көріпкелділік, неткен даналық.
Бір ғасырдан асса да, білім мен ғылым, техника мен технология дамып, адамзат ғарышқа ұшып жатса да, баба ойының тереңдігі, көкейкестілігі көкірегі ояу, көзі ашық қазақ азаматына айқын сезіліп тұр. Тек таңдауға түскен,қолданыстағы мамандықтардың түр сипаты, құрылым-құндылығының заман ағымына, нарық сұранысына байланысты өзгеріске түскендігі болмаса, мән-мағынасы сақталған іспетті.
Ел бағушылар –әртүрлі деңгейдегі әкім-қаралар, басшы-қосшылар мен мәжіліс-мәслихат депутаттары.
Мал бағу – қандайда бір кәсіп иелері (мал баға ма, егін еге ме, өнім өндіре ме т.с.с)
Ғылым бағу –айтпаса да түсінікті (ғалым, ғылыми қызметкер, интелегенция өкілдері)
Сопылық қылу– қажы, имам,молда-молдасымақтар,дінді уағыздаушылар.
Бала бағу – жоғары,арнаулы,орта білім беру мен мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің қызметкерлері, дәріскер-оқытушы,мұғалімдер.
Емші,сынықшы,балгер-бақсылар,әнші-күйші,биші,жыршы,ақын,балуан-мықтылар мен саулетшілер, күтуші,қара жұмысшылар,саудагер-көпестер т.с.с. ежелден келе жатқан кәсіптер.
Тек жаңа заманға байланысты қосымша таңдауға ұсынылатын кәсіптерге: қаржыгер-заңгер, қарулы күштер қызметкерлері (полиция, армия т.с.с),ұшқыш-жүргізушілер мен техник-жөндеушілер т.с.с. мамандықтар жататыны белгілі.
Бүгінде заман талабына сай мамандықтар педагогикалық, медициналық, техникалық болып топтастырылатыны белгілі бірақ біз баламыздың «қай мамандыққа бейімі бар, қандай кәсіпті ол игеріп кете алады, оның қолынан қандай қызмет келеді ?»деген сұрақтар төңірегінде ойландық па?!
Байлығыда, білімі де жетерлік Абай Құнанбаевты бұл мәселе неге ойландырып, ұрпғына өсеиет қалдыруына себепкер болды?!
Біз әлі санасы жетілмеген, тәжрибесі жоқ,ақылы толықпаған жастарға, балаларымызға,оның болашағы үшін осы мәселеге тереңірек ой жүгіртіп, мамандығын дұрыс таңдау жасауына жағдай жасап, жол көрсетіп ақыл қосып отыруымыз керек.Атадан балаға мирас болып қалатын кәсіптер де бар,бірақ ол «тек қойшының баласы, қой бағу керек,генералдың баласы – генерал болу керек»деген емес, яғни бір сиырдан ала да,құла да тууының мүмкін екенін ескеруіміз керек.
Бүгінде қаншама жасөспірімдер талғам-талдаусыз мамандық таңдап, нәтижесінде мемлекеттің, әке-шешенің қаражатын желге ұшырып, қаншамауақытты босқа жіберіп оқуын тастап, бітірген жағдайда,ол мамандықпен қызмет жасамай, басқа жұмыстармен айналысуда немесе мамандығына мойын ұсынбай,көңілі толмай күнкөріс қамы үшін,амалының жоқтығынан,немқұрайлылықпен жұмыс жасауда.
Бұндай жастар қоғамның өсуіне қандай үлес қосады?
Екінші жағынан біздің білім беру саласындағы мамандықтарды даярлау қызметіндегі тұрлаусыздықтар мен жүйесіздіктер, біткен істің нәтижелі болуына үлкен кедергілер келтіруде.Мысалы:
«Дизайнер» мамандығын бітірушілер полиграфия, архитектура, киім-кешек,өсімдіктер әлемі,тамақ өнімдері оның ішінде ресторан,кафе,асхана, мәзірлерін әрлендірудің қай жағына басымдық берірін өздеріде білмейді.
Журналистердің телеарналар жүргізушілері, хабар әзірлеуші, радио, газет оның ішінде құқық, экономика, білім-ғылым,өнер,спорт т.с.с. бағыттарына бейімділіктері кәсіби тұрғыдан сезіліп тұру керек.
Ал біз «әмбебаптар – универсалдар» даярлаймыз.
«Аяғыңды – көрпеңе қарап көсіл» , «Білегің көтермес шоқпарды, беліңе байлама»деген мақалдаросындай келеңсіздіктерден кейін туындаса керек. Сондықтан жастарға бағыт-бағдар берерде ата-ана,педагогтар, психологтар бірлесе, түсіністікпен шешім қабылдаса, жастарда «мен іштен біліп туғам, өз ақылын өзіме жетеді»,- деп кеудесін соқпай, ой таразысына салып, салмақты шешім қабылдаса ешкім өткенге өкініп, уақытпен қаражатын босқа жібермеген болар еді.

МұстафаевАбдикади Прмаганбетұлы, физика-математикағылымдарының кандидаты,доцент, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі

 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста