Мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастық

Мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастық

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Вьетнам арасындағы мәдениет пен білім саласындағы белсенді ынтымақтастық байланыс өз деңгейінде даму үстінде. Әсіресе, білім саласында атқарылған шара аз емес. 

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердік тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ғылыми-мәдени байланыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға факультет оқытушы-профессорлары және Қазақстандағы Вьетнам елшісінің кеңесшісі Хуин Чан және Астана қаласындағы Вьетнам іскер адамдар қоғамының жетекшісі Фук Нгуен және Астана қаласындағы Вьетнам елшілігінің өкілдері, Вьетнам елінен келіп білім алып жатқан студенттер құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Кездесу барысында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы Ж. Е. Жаппасов факультет тарихымен, жалпы жағдайымен, білім жүйесімен, оқу-әдістемелік жұмыстарымен таныстырды. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Қ. Ихсангалиева кафедрада жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттарымен таныстырып, оқу-әдістемелік жабдықталуы, ерекшеліктері мен басым тұстары туралы мәлімдеме жасап, тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру, ғылыми байланыстар орнату туралы ұсыныстар ұсынды.
Қазақстандағы Вьетнам елшісінің кеңесшісі Хуин Чан «Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ғылыми-мәдени байланыс» тақырыбында баяндама жасап, сондай-ақ Астана қаласындағы Вьетнам іскер адамдар қоғамының жетекшісі Фук Нгуен Вьетнам халқының тарихы мен дамуы жөнінде құнды деректер келтіре отырып, екі елдің арасындағы жоғары оқу орындарының тарихымен, білім берудегі өзіндік жүйесімен, әдіс-тәсілдерімен, қазіргі заманғы жаңалықтарымен таныстырып, ой бөлісті.
Қазақ халқының қонақжайлығының зор ризашылық сезіміне бөленген Вьетнам қонақтары Қазақстан мен Вьетнам елдерінің ынтымақтастық байланыстарының одан әрі қарқынды дамуына үлкен сенім білдіретіндіктерін айтты.
Тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру мақсатында өткен кездесуде екі жақты студенттермен және білікті, тәжірибелі оқытушылармен тәжірибе алмасу туралы әңгіме жалғасын тауып, келген қонақтар факультеттегі мұражайды аралап, өз қызығушылықтарын білдірді.

Саденова А.Е,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім
беру дайындығы кафедрасының доценті

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста