Елордада колледж мұғалімі студентің шашын тақырлап алып тастаған

Нұр-Сұлтандағы колледждердің бірінде студенттер сабақ үстінде шаштарын тақырлап алдыртқан. Олардың бұл бастамасын тарих пәнінің мұғалімі қолдапты. Бұл туралы turkystan.kz тілшісі «Еуразия» арнасына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Ұстаз бұл әрекеті үшін жұмыстан қуылған. Ал студенттер сүйікті мұғалімдерін қайтару үшін петиция құрып, телеарнадан көмек сұрады.

 

Олар өз әрекеттерін ұсақ тентектік деп түсіндірді. Айтуларынша, студенттер Отан қорғаушылар күні қарсаңында биыл әскерге шақырылғандарды осылайша қолдамақ болған. Бірақ соған бола адамды жұмысынан айыру әділетсіздік деп бас көтерді.

 

«Әкем тым болмағанда ерге ұқсадың, деді. Ал анам оңды көзқараспен қарады», – дейді 1-курс студенті Әділ Жаңабай.

 

«Менің алдыңғы шаш үлгім ешкімге ұнамайтын. Каре еді. Маған бәрі шашыңды қысқарт дейтін. Әрі жігіттердің 7-мамырға орай бастаған идеяларын қолдағым келді», – дейді білімгер Әмір Құсайын.

 

Студенттердің айтуынша, жас ұстаздың арқасында олардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы жақсарған. Мұғалімді жұмыстан шығармау үшін олар петиция құрып, 80 қол жинап үлгерген. Десе де колледж әкімшілігі білімгерлер арасында мұндай қылыққа жол беруге болмайтынын қатаң түрде ескертті. Мұғалім де өз еркімен жұмыстан кетіпті.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста