Елордада келешекте мұғалім жетіспеушілігі өткір сезілетін болады

Елордадағы мұғалімдердің 700-дейі зейнет жасындағылар. Олар тиісті демалысына кететін болса мұғалім тапшылығы қатты сезіледі.

 

Қазірдің өзінде нарықта 900-ге жуық педагог жетіспейді. Ал жаңа мектептер салынатынын ескерсек, бас қаладағы мұғалім жетіспеушілігі 2 мыңнан асады екен. 

 

Балжан Қапашева педагогика ғылымдарының магистрі. Негізгі мамандығы бойынша бір-ақ жыл жұмыс істеген. Алдынан шыққан кедергі көп. Тәжірибесі аз маманды қолдаған адам табылмаған. Өйткені мектептер жұмыс өтілі бар мұғалімді іздейді. Бірақ кейде ол да қажет емес. Тамыр-танысты алға тартсаң, бар мәселе шешімін табады. Жас маманның уәжі осы.   

 

Балжан Қапашева, қала тұрғыны:

 

- Екі жыл грантта оқыдым. Магистратураны бітіргеннен кейін негізгі талаптардың бірі өз мамандығыңмен жұмыс істеу. Тек осы білім беретін мемлекеттік оқу орындарында жұмыс істеуге міндеттісің. Сол себепті мен жұмысты қайтадан іздедім. Бірақ жағдай бұрынғыдай қайталанды. Үш ай мектептерді араладым. Сөздің шынына келгенде, ешқандай танысым жоқ. Яғни қазақ тілі мен әдебиеті мамандарының көп екенін жеткізді. 

 

Балжан қазір мемлекет алдындағы міндетін өтеу үшін қаладағы орта мектептердің біріне үйірме жетекшісі болып орналасты. Күніне екі сағат жұмыс істеуге көніп отыр. Басқа амалы жоқ.

 

Кішкентай баласын бауырына басқан жас ана қоғамдағы әділетсіздікке налиды. Олай дейтініміз, елордада 900-ге жуық мұғалім қажет. Алайда «Еңбек биржасына» 191 маман ғана өтініш қалдырған. Оның көбі Балжанға қарағанда мұғалімдіктен бас тартып, басқа саланы бағындырғысы келеді.

Бұған жоғарыдағы себептер өзек болған сияқты.

 

Алтынай Қосыбаева, Нұр-Сұлтан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы директорының кеңесшісі:

 

- Басқа мамандықты қажет ететін, болмаса дипломдық уақыттары өтіп кеткен азаматтар негізінен тіркелген. Ол кісілерге халықты жұмыспен қамту орталығы қысқаша оқыту курстарын ұсынады. Біз бар білгенімізше сондай көмек көрсетеміз. 

 

Саналы ғұмырын білім саласына арнаған 700 мұғалім зейнет жасынан асқан. Оларды ұзақ ұстап отыруға болмас. Сондықтан мектептерді жас мамандармен толықтыру қажет.

Қалалық №73 мектеп ұстаздарының жартысына жуығы жастар.

 

Құралай Байтажикова, №73 мектеп директоры:

 

- Біздің мектепте жастар алаңын құрдық. Өйткені келген жас маман  өз мәселесімен өзі алысып кетеді екен. Сосын қолдау таппағандықтан, үлкен тәжірибелі мұғалімдерге барудан ұялғандықтан, олар қиналады. Қиналудың шегі жұмыстан кетуге тіреледі екен. Сондықтан ол идеяны да маған жастар өздері ұсынды. 

 

Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығымен 1300-ден аса білім беру мекемесі серіктес. Ресми дерек бойынша алордада тьютор, ағылшын, орыс тілі және бастауыш сынып мұғалімдері қат. Іргесі кеңіп, халық саны еселеніп келе жатқан астана үшін ұстаз жетіспеушілігі мәселесі өзектілігін жоймасы анық.

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста