Еліміздің бес өңірінде техникалық білім тегін беріледі

Еліміздің 5 өңірінде тегін техникалық білім беруге арналған жылжымалы оқыту кешендері өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Пилоттық жоба ретінде енгізілген жылжымалы оқыту құралы студенттерді 5 түрлі мамандыққа баулиды. Яғни ниет білдірген адам 6 айда аспаз, шаштараз, дәнекерлеуші сияқты жаңа мамандықты игеріп шығады.

Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде 1 мың 850 мобильді топ құрылып, олар түлектер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоба ұзақ және қысқа мерзімді оқыту жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Ілкімді бастама нәтижелі болса, келер жылы барлық облысты қамтиды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

– Біз уақытқа байланысты жаңа мамандықтарды классификаторға енгізіп отырамыз. Осы мақсатпен биылғы жылы оған 28 мамандық және 130 біліктілік бойынша өзгерістер енгіздік. Оның ішінде бұрын болмаған жаңа мамандықтар да бар.

24.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста