«ДЕМАLIKE» жазғы сауықтыру лагері балаларға көңілді демалыс сыйлайды

«ДЕМАLIKE» жазғы сауықтыру лагері балаларға көңілді демалыс сыйлайды

Алматы қаласындағы №210 мектеп-лицейде маусым айында «ДЕМАLIKE» жазғы сауықтыру лагерінде «Жас математик», «Айбын», «Қыран», «Құлыншақ», «Тіл дамыту» тобы жұмыс істеп жатыр.

Жазғы демалыс орнында 300-ге жуық балдырған уақытын көңілді өткізуде. Олардың ішінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары қамтылған. Лагерьге келген демалушыларды күнделікті мектеп медбикесі денсаулықғын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізіп отырады. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған.

 Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға бір мезгіл тамақ беріледі. «Бала күлкіге тоймас» дегендей, балалардың көңілді демалуы үшін спорттық ойындар футбол, еркін күрес, домбыра, би үйірмелері, шахмат, дойбы, домино, лото, қазіргі заманға сай баланың ой-өрісін дамытуға бағытталған монополия, пазл ойындары, тақырып бойынша тапқырлық, сөзжұмбақ сайыстары ұйымдастырылуда.

 Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салады. Күн сайын жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығу, ертеңгілік, сайыс өтеді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерін, өнерін аямай жұмсауда. Балалардың демалысы қаншылықты көңілді өтіп жатқандығы жүздерінен көрініп тұр. Себебі олардың саналы да сапалы демалуына барлық жағдай жасалған. Емін-еркін ойнауына арналған арнайы алаңдар, бөлмелер жабдықталған, демалушылар ойын-сауық құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Мұндай қызықты шаралар келесі жылы да жалғасын табады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста