Білімді жастарымызды біліксіз гастербайтерлерге айырбастап жатқанымыз қалай?

Білімді жастарымызды біліксіз гастербайтерлерге айырбастап жатқанымыз қалай?

Халық қалаулылары мен шенділер қазақстандық білімді жастардың мансапқа жету мақсатында шет ел асып, олардың орнына білімсіз гастарбайтердің келіп жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр.
Ұлттық экономика министлігі жүргізген сараптама қорытындысы көңілге қаяу түсіреді. Министрлік келтірген статистикаға көз жүгіртсек шетел асқан білімді жастардың саны елге келгендер санынан әлдеқайда асып жығылады. Яғни, білімді жастар елден тобымен кетіп, гастарбайтер елге тобырымен келіп жатыр.
Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
– Бүгінгі таңда Қазақстанның еңбек нарығынан кәсіби жұмыс күші кетіп, кәсіби білімі жоқ, біліксіз еңбек күші келіп жатыр. Осының салдарынан елімізде кәсіби мамандар тапшылығы сезілуде. Кеткен мамандардың орнын толтыруға, шет елдерден келген біліксіз мамандарды оқытуға мемлекттен қосымша шығын шығып жатыр.
Қазақстандық білікті жас мамандардың шетел асып кетуіне әлеуметтанушы мамандар да алаңдаушылық танытып отыр. Олардың пайымдауынша, қазақстандық білікті мамандардың шет елдерге кетуінің басты себептерінің бірі – жахандану. Содан соң еліміздің еңбек нарығындағы теңсіздік. Яғни, көп жағдайда мансапқа жету үшін дипломның, тәжірибенің болуы жеткіліксіз, ондай жағдайда туысқандық байланыстың маңызы зор.
Нұрболат АЙЕКЕШЕВ, әлеуметтанушы:
– Мансапқа жетуде туыстық, жерлестік, тамыр-таныстық қарым-қатынастардың басты рөл ойнайтыны жасырын емес. Әрине, жоғарыда отырғандар мұны білсе де мойындағысы келмейді. Егер танысы болмаса немесе «жолын таппаса» тәжірибелі, білікті маман қатардағы қызметкер болып отыра береді. Ал кеше келген «блатной» бөлім бастығы болып тағайындалады. Осындай тенденция білікті мамандардың шетел асуына ықпал етіп отыр. Ал шет елдер білікті мамандарды уысынан шығармайды. Оларға барлық жағдай жасайды. Сондықтан да ол жаққа кеткен жастар қайтып келмейді. Бұл демографияға да кері әсерін тигізеді және алдағы уақытта білікті маман тапшылығы мәселесін одан сайын күрделілендіре түседі. Үкімет бұған қандай да бір шара қолдануы керек.
Үкімет те қол қусырып қарап отырмаған секілді. Билік елдің еңбек нарығына шетелдік білікті мамандарды тартпақ. Осыған орай, шенділер шетелдік білікті мамандар үшін арнайы көші-қон жеңілдігін жасауды сұрап отыр. Сол арқылы елімізге тобырымен келіп жатқан білімсіз гастарбайтерді азайтпақ көрінеді.
Алайда, көші-қон жеңілдігімен шетелден білікті мамандар шақырғанмен гастарбайтер саны азаяды дегенге сену қиын. Қазақстанға қара жұмыс істеп, нәпақа табу үшін келетін шетелдіктер саны алдағы уақытта артпаса, азаймайды. Өйткені көрші елдерде жұмыссыздық белең алып тұр. Ал Қазақстанда жұмыс күші тапшы. Оған қоса қазақстандықтар арасында қара жұмыс істегісі келетіндер тіптен аз.
Бір қызығы, шақырып алып, шетелдік маманды баспанамен қамтамасыз етіп, миллиондап жалақы тағайындаймыз. Ал өзіміздің білікті мамандарға ондай жағдай жасамаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста