Астана гуманитарлық колледжінің студенттері әкімдік шешіміне қарсы

Колледж жабылмасын! Астана гуманитарлық колледжінің студенттері мен ата-аналары әкімдіктің шешіміне қарсы шықты. Қала басшылығы оқу орнын жекеменшік университетке сенімді басқаруға беру жөнінде бір жыл бұрын шешім қабылдаған. Оны ата-аналар мен мұғалімдер енді  ғана естіпті.

 

Студенттер бір ғасырлық тарихы бар колледжден ешқайда кеткісі жоқ. Бірақ гранттан да айрылғысы келмейді.

 

Астана гуманитарлық колледжі елордадағы ең іргелі оқу орындарының бірі. Ғасырға жуық жасаған оқу орнының ақыры бұлай бітеді деп ешкім күтпесе керек.

 

Қазір колледждің не директоры, не орынбасарларының бірде-біреуі жоқ. Ал осында оқитын 2 мыңға жуық студент ендігі тағдыры не боларын білмей дағдарып жүр.

 

Жағдайдың анық-қанығын ешкім білмейді. Барлығына гуманитарлық колледж қоғамдық тамақтандыру колледжімен біріктіріліп, бітірушілер аспаз боп шығады деген хабар жеткен. Балаларын мұғалім мамандығына берген ата-аналар бұған түбегейлі қарсы.

 

Гүлзира Мендесбаева, Астана гуманитарлық колледжі ата-аналар комитетінің төрайымы:

 

- Ата-аналар бір апта, он күн көлемі болды, барлығы алаңдап, ұйқысы кетті. Балаларымыз не істейді енді? Кондитерлік колледж факультетке ауысамыз ба? Біздегі бір ғана талап &ndash Астана гуманитарлық колледжіне балаларымыз түскен екен, осы мемлекеттік оқу орнында бітірсін.

 

Ата-аналардың шырылдайтын жөні бар. Себебі, студенттердің де үйреніскен ортасынан ешқайда барғысы жоқ.

 

Томирис Бейсембаева, Астана гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті:

 

- Біздің дипломға демек, «ТО» деп жазылады. Демек, «Копистан» шыққан, «общепиттан» шыққан мұғалім болып саналамыз. Сонда бізді бұндай дипломмен ешқайда дұрыс жұмысқа алмайды. Сол үшін де барғым келмейді.

 

Мәселенің мән жайына қаныға алмай жүрген жалғыз ата-аналар ғана емес екен. Мұғалімдер жағы да жаңалықты бір аптаның ішінде естіген. Жағдайды жабулы қазан күйінде қалдырмас үшін онлайн петиция ұйымдастырып жүрген де солар болып шықты.

 

 - Мен оны түсініп отырмын. Оны міндетті түрде бізге айтқаннан кейін мына петицияны жазып отырмыз.

- Сіздер де аяқ астынан естідіңіздер ме?

- Біз де бір апта болып тұр. Оны естігеннен кейін 25-ін жазып жібердік. Оны мойындаймын. Өйткені өзім қолымды қойдым.

 

Сөйтсе гуманитарлық колледж «Астана» халықаралық университетіне сенімді басқаруға берілетіні туралы әкімдік бір жыл бұрын шешім қабылдап қойған. Себебі, бюджетті оңтайландырып, шығын көлемін азайту керек.

 

Екінші жағынан педагогикалық үздіксіз білім қалыптастыру үшін колледжді университеттің қарамағына өткізген жөн дейді.

 

Салтанат Басықараева, Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

 

 - Өйткені, қалада педагогикалық кадрларға сұраныс көп. Сондықтан орта буын студенттері білімін әрі қарай жалғастыруы үшін осындай шешім қабылданған. Гуманитарлық колледж жабылып жатқан жоқ. Тек сенімгерлік баскаруға беріліп жатыр. Сенімгерлік басқарудың Астана халықаралық университетімен келісімшарт бар. Ол келісімшартта бұл гуманитарлық колледждің бағытын өзгерте алмайды.

 

Ал осы күнге дейін «естімедік, хабарсыз болдық» деген ата-аналар мен мұғалімдердің сөзі әкімдік өкілдерінің айтуынша жалған екен.

 

Ал бітірушілер Астана халықаралық университетінің жанындағы гуманитарлық колледж түлегі деген диплом алады. Оған келіспегендер басқа оқуға ауысатынын айтып отыр.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста