«Айбыны асқақ, тұғыры биік тәуелсіз Қазақстан»  

2021 жылдың 11 желтоқсаны күні Алматы көпсалалы колледжінің  кітапхана  залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектер мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдеби туындыларымен қамтылған «Айбыны асқақ, тұғыры биік тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Көрменің басты мақсаты: Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту. 

Кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрады.

  • «Қазақ мемлекеттілігінің дамуы» атты бөлімде ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеумен келе жатқан еліміздің тарихын баяндайтын қазақ хандығы кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі алаш қайраткерлерінің саяси күресі туралы әдебиеттер қойылған.
  • «Мәңгілік ел - Тәуелсіз Қазақстанның ұлы мұраты»  бөлімінде мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мақсаты мен мүддесін айқындайтын әдеби туындылар ұсынылған.
  • Астананың алғашқы авторы - Тәуелсіздік. Астананың өмірге келуі, Қазақстанның жаңа тарихының ең бір қиын да жарқын сәттерін баяндайтын әдебиеттер «Астана - Тәуелсіздік жемісі» бөлімінде орналасқан.

Кітап көрмесіне 70-тен аса кітап, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы мен бағдарламалық құжаты, фото-суреттер қойылды.

 

 

Кітап көрмесін ұйымдастырған колледж кітапханасының меңгерушісі Жанахметова Гулнара Жанатовна.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста