25 тамыздан бастап мектептерде бірыңғай қашықтан оқыту басталады - Білім министрлігі

Қазақстанда 25-28 тамыз аралығында мектептерде білім диагностикасы және өткен материалды қайталау бойынша бірыңғай қашықтан сабақтар өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Білімді диагностикалау және өткен материалды қайталау сабағы 2-11 сынып оқушылары үшін жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында өткізіледі.

 

"Оқу процесі әр мектеп алдын-ала таңдаған интернет-платформалардың көмегімен қашықтық форматта ұйымдастырылған. Сабақтар сағат 10:00-де басталады, ұзақтығы - 20-дан 40 минутқа дейін. Күнтізбеге негізгі пәндер кіреді", - деді білім министрлігі.

 

2-4 сыныптар үшін 2-3 сабақ, 5-8 сыныптар үшін 3-4 сабақ, 9-11 сыныптар үшін 4-5 сабақ өткізу ұсынылады.

 

Бірінші және екінші күндері, яғни 25-26 тамызда білімді диагностикалау ұсынылады. Сабақта төртінші тоқсанның өткен материалы тест тапсырмалары, есептерді шешу, жаттығуларды орындау түрінде қайталанады.

 

Үшінші және төртінші күндері, яғни 27-28 тамызда - өткен материалды қайталау және білімді диагностикалау нәтижелері бойынша сараланған жаттығулар мен тапсырмаларды орындау сабақтары.

 

Еске сала кетейік, 19 тамызда Қазақстан мектептерінде мұғалімдердің бірыңғай кеңесі, 20 тамызда ата-аналар жиналысы өтті.

 

Қазақстанда оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Білім күн тарихта алғаш рет онлайн режимінде өтеді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста