Смартфон бейнетіркеуіш қызметін атқарады

Смартфон бейнетіркеуіш қызметін атқарады

Pixel смартфонындағы Google Personal Safety қосымшасында және компанияның өзге Android құралдарында Dashcam функциясының бета-нұсқасы пайда болды.Смартфон кейде бейнетіркеуіш қызметін атқарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Dashcam қосымшасы автомобильдің ақпараттық ойын-cауық жүйесіне жалғанған кезде автоматты түрде қосылады. Сәйкесінше, борттық мультимедиа жүйесінен ажырағанда бейнежазба тоқтайды. Бейнетіркеуіш экранда сурет шығып тұрса да, өшіп тұрса да жұмыс істей береді.

 

 

Бейнетіркеуіш материалды 24 сағатқа дейін тұнық етіп, дыбыспен не дыбыссыз жазады, бір минуттық видеоға 30 мегабайт кетеді. Материал үш күннен кейін жойылады, сол аралықта жүргізуші оны сақтап үлгеруі керек. Бағдарлама «мәліметті жылдам бөлісу» (Emergency Sharing), «қауіпсіздікті тексеру» (Safety Check) және «көлік апатын анықтау» (Car Crash Detection) функцияларына ие.

 

Әдетте жүргізушілер көліктен түскенде ұрының көзіне түспесін деп бейнетіркеуішті алып кетуге мәжбүр болатынын ескерсек, жаңа қосымша расымен ыңғайлы болуы мүмкін. Google Pixel-ге арналған функцияны келесі айда таныстырады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста