Renault Koleos Қазақстан автосалондарына қайта оралады
2022 жылы Мәскеудегі Renault зауытының жұмысы тоқтаған соң брендтің Қазақстандағы болашағы бұлыңғыр көрінген. Себебі модельдердің басым көпшілігі құрастыруға арналған бөлшектер ретінде, не дайын өнім күйінде біздің елге Ресейден келетін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Бірақ Renault Қазақстаннан кетпей, бізге жақсы таныс «кроссоверді» қайта сатады. Көлік құралының типін мақұлдау базасында Koleos-тың ресми құжаттары пайда болды.
Қолда бар мәліметке сүйенсек, Renault Қазақстанда «Колеос» құрастырмайды. Құжатта өндірістік алаң ретінде Пусандағы Renault Samsung Motors көрсетіліпті.
Автомобильді бір күштік құрылымда ұсынады. Ол 171 ат күшіне (233 Нм) ие 2.5 литрлік атмосфералы агрегат. Мұндай мотор тек вариатормен жұмыс істейді. Алдыңғы жетек те, толық жетек те бар.
Модельдің комплектациясы мен көлемі белгісіз, бірақ құжатта панорамалы шатыр, ортаңғы консольдағы салқындайтын бөлім мен алдыңғы әйнекті жылыту, климат-бақылау сияқты үздік опциялар жинағы болады деген.
Renault Koleos сатылымға қашан шығатыны айтылмаған, бірақ модельдің құжат алғанын ескерсек, автосалондарға бірнеше айда шығып қалуы мүмкін.