Lada Granta-ға негізделген жүк көлігі шығады

Lada Granta-ға негізделген жүк көлігі шығады

«П-В-Рус» компаниясы Lada Granta-ға негіздеген ершікті тартқыш шығарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Южный автомобиль» порталы хабарлады. Мұндай машина ұзындығы 6.2 метр жартылай тіркеме сүйрей алады, оған 1.5 тоннаға дейін жүк артуға болады.

 

 

Өзгеше Lada Granta «ВИС-Авто» фирмасы 2349 индексімен шығарған модельдің бұрыннан таныс коммерциялық нұсқасына негізделген. Машина жартылай рамалы құрылымымен ерекшеленеді, «Гранта» шанағының жартысы өзге аспасы бар рамаға ауысады, оған әртүрлі коммерциялық қондырма орнатуға болады.

 

Ершікті тартқыш болған кезде артқы аспада гидравликалы амортизаторы бар серіппе іске қосылады, ал фургон немесе рефрижератор орнына ершік (седло) орнатылады.

 

 

Мұндай көлік ұзын, бірақ ауыр емес жүкті тасымалдауға арналған. Тежеуіш механизмі жоқ тіркемеге 500 келіге дейін жүк тиеуге болады. Ал тіркеменің тежеуіші болса бір жарым тонна зат таси алады.

 

Lada Granta-ның күштік құрылымы өзгеріссіз қалады. Ол — 5 сатылы механикамен жұмыс істейтін, 90 ат күшіне 1.6 литрлік 8 клапанды мотор. Шағын жүк көлігінің бағасы қазірше белгісіз.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста