Көлік жарамсыз күйге түскен. Кәріз құдығынан келген залалды кім өтейді?

Көлік жарамсыз күйге түскен. Кәріз құдығынан келген залалды кім өтейді?

Алматыдағы шұрық тесік жолдардың көліктерге келтірер залалы аз болмай тұр. Тіпті кейбір жолдардағы олқылықтар көлік апатына әкеліп соқтырып жатыр. Заңгердің айтуынша, жол көлік оқиғасы орын алған жағдайда әкімдік келтірілген шығынды көп жағдайда өтеп бермейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Көшедегі кәріз беттерінің ашық қалуы немесе кейбір шұңқырлардың дер кезінде бітелмеуі салдарынан көлігін ұрып алған жүргізушілер жыл сайын көлігінің қосалқы бөлшектерін ауыстыруға мәжбүр. Ал кейбіреуі тіптен жол апатына ұшырап, түрлі дене жарақаттарын да алып жатыр. 

 

Сондай жағдайлардың бірі кеше ғана тіркелді. 29-шілде күні танымал блогерлер дәл осындай жол апатына ұшыраған. Қаныш Сәтпаев көшесіндегі терең арық шұңқырына соғылған Мағжан Аймахан есімді азамат жол жөндеушілердің ешқандай белгі қоймағанына наразы. "Infinity Q60" маркалы көлікпен терең шұңқырға соғылып, көліктері жарамсыз күйге түскен.

 

 

"Жол жасайтындар қоршау қоймағандықтан көлік апатына ұшырадым. Аман қалғаныма "шок" болып тұрмын. Ал көлік жүруге жарамсыз. Астынан маторы жарылып кетті, алды мыжылып қалды. Бұл жолға неге қоршау қоймағанын, келеңсіз жағдайға кім жауап беретінін білмеймін. Жолдағы қоршалмаған ойықтың кесірінен осылай болды. Дәл осы жолға жауапты компания жауапкершілікті алып, жолмен қатар біздің көлікті де жөндейді деген әділ шешімге әрекет етеміз", - деп жазды блогер. 

 

 

Ал Камила Адилханның өзі сот шешімін күтіп отырғандарын жеткізді. Көліктің бағасы қосалқы бөлшектеріне  қарай 15 миллионнан 30 миллионға дейін барады. Келтірілген шығын да аз болмаған секілді.  

 

 

Блогер сол аумақта өзінен кейін 3 машинаның соғылғанын айтты. Біз аталған аумаққа барғанымызда арықтың аузы жабылып, жан жағын цементтеп қойыпты. Алайда әлі де болса темір қақпақтың, айналасындағы шұңқырдың көліктерге кедергі келтіретіні байқалды. 

 

 

"Ең алдымен жәбірленуші әкімшілікке сотқа дейінгі талап арыз жазуы керек. Содан кейін арнайы анықтамалар алып сол сотқа дейінгі талап арызға келтірілген залалдың сомасын тіркесін. Егер әкімдік келтірілген залалды өтеп бере алмайтынын айтса дереу сотқа жүгіну керек. Мұндай жағдайлар көп жағдайда сот арқылы шешіледі", - дейді заңгер Ғабит Өмірбек.

 

Десек те, осындай шұңқырларға соғылып немесе көлігіне ағаш құлап кеткен жүргізушілер әкімліктен көп жағдайда келтірілген шығынды өндіріп ала алмайды. Себебі әкімдік өкілдері апатқа жауапты жеке компанияларды кінәлап, бастарын ала қашатын көрінеді. 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста