Еліміздің түкпір-түкпірінде «Рухани келісім күніне» орайластырып әртүрлі іс-шаралар өтіп жатқаны белгілі. Оңтүстік өңірде де атаулы мерекеге байланысты шаралар өтуде. Кеше Шымкент қаласында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты форум өткен болатын. Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі облыс орталығында Жансейіт Түймебаев «Рухани келісім күні» мерекесіне орай, өңірдегі діни конфессия басшыларымен кездесу жасады. Өңір басшысы басқосуға келегендерді атаулы мерекемен құттықтады.
Жансейіт Қансейтұлы еліміздегі дінаралық татулықтың күн санап артып келе жатқанына тоқталып, жақын арада ғана Астанада «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлемде» тақырыбында алтыншы рет өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіндегі Елбасмызыдың сөзіннен мысал келтірді. «Елбасымыз өз сөзінде «Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу адамның өз міндеті» - деген. Сондықтан біздің бүгінгі басқосуымыз халықтар достығына, ұлтаралық, дінаралық татулықтың нығая түсуіне өз ықпалын тигізеді деп сенемін. Қабылданған Съезд қорытындысы бойынша Декларацияда оның қатысушылары әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өшпенділік пен төзбеушіліктен туындаған зорлық-зомбылық қақтығыстарды алдын алуға, ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізуге жан-жақты жәрдемдесуге белсенді күш-жігерін тартуға дайын туралы мәлімдеді. Өз кезегінде мен де сіздерді жергілікті жерлерде мәртебелі миссияны жалғастыруға шақырамын», - деп атап өтті облыс әкімі.
Өңір басшысы жиынға келген діни конфессия басшыларымен өңірдегі діни жұмыстар жөніндегі мәселелер сөз болып, пікір алмасты. Келіл басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, найб муфти, ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Наурызбай Өтпенов, «Шымкент епархиясының Састөбе поселкісіндегі Қасиетті Блаженная Ксения Петербургская храмының приходы» жергілікті православ діни бірлестігінің діни қызметшісі Алексей Драчев және басқа да дін өкілдері сөз сөйлеп, облыстағы діни ахуал жайлы ойларын айтты.
Басқосу соңында Жансейіт Түймебаев діни конфессиялар жетекшілеріне мерекеге байланысты алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етіп, еңбектеріне жеміс тіледі.
Осы ретте айта кеткен жөн облыс көлемінде 11 діни конфессияға енетін 60 жергілікті діни бірлестіктер жұмыс жасауда. Оның ішінде бағыттары бойынша: православиелік – 18; католиктік -1; иудейлік - 1; протестанттық – 39; бахаи -1. Сонымен қатар 795 филиалдар жұмыс жасауда. Оның ішінде: исламдық бағыттағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) филиалдары – мешіттер саны – 792, исламдық емес бағыттағы филиалдар – 3. Жыл басынан бері облыстық Ақпараттық-түсіндіру топтардың тарапынан 794 кездесулер өткізіліп, оларға 110702-ге жуық адам қамтылды. Облыстық, қалалық, аудандық телеарналарда діни тақырыпта арнайы 10 бағдарламалар ашылып, жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері облыстағы 7 телеарналарда діни тақырыптарда 562 көрсетілімдер мен сюжеттер, «Қазақстан-Шымкент» радиосында 44 хабарлар шығарылды. Сонымен қатар, жыл басынан бері дін саласына қатысты 1100-ге жуық мақалалар жарық көрген.
Бірлігі мен тірлігі жарасқан өңірде татулық пен тұтастық салтанат құрған. Әртүрлі ұлттың өкілдері облыста өсіп-өніп өркендеп кеңпейіл қазақ елімен әлдеқашан тұтасып кеткен деуге болады. Олар ұлтына, ұлысына, діни ұстаныма қарамастан өңірдің, еліміздің қарқынды түрде дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Нұрлы Еділов