Екі жігіттің әңгімесінен:
– Мен ұлды болдым!
– Ол әлі білмейді.
***
Емханада:
– Дәрігер, менің дәрі ішу кестемді өзгертіп берсеңіз.
– Неге? Бәрі дұрыс сияқты, «тамақтың алдында күніне төрт рет ішу керек» деп жазып бердім емес пе?
– Күн сайын төрт мезгіл тамақ пісіруге жағдайымыз келмейді.
***
Ауа райы мәліметтерінен:
– Енді Алматыдағы ауа райы туралы мәліметтер:
Ертең тұман түседі, бірақ оны қаланы басып тұрған көк түтінмен шатастырып алмаңыздар. Күндіз ауа температурасы +7 градусты көрсетеді, бұған өздеріңіз тағы +7 градус қосыңыздар. Түнде +10 градус болса, қар жауады, ал –10 градус болса, жаңбыр жауады.
Сондай-ақ биыл Алматыға көктем ерте келгенімен, Астанаға көктем кеш келеді.