Түнімен тойлаған екі жігіттің ертеңінде бастары ауырып, әрең отыр.
– Кеше біз не іштік?
– Сыра.
– Бізде кеше не болып еді?
– Ақша.
***
Жасы 90-ға келген кісінің туған күніне не сыйлауға болатынын білмеймін: ондай кісілерде бәрі бар немесе ештеңе қажет емес.
***
«Ит – адамның досы» деген – рас сөз. Сенбесеңіздер, «эксперимент» жасап көріңіздер. Мысалы, көлігіңіздің жүксалғышына әйеліңіз бен итіңізді қамап қойып, бір-екі сағаттан кейін есікті ашатын болсаңыз, итіңіз қуанып, бетіңізді жалайды, әйеліңіз болса бірден бажылдап ала жөнеледі.
***
Бір жігіт теміржол вокзалының кассасына келіп:
– Ертеңге Астанаға дейін ең арзан билет беріңізші.
– Дәретхананың жанындағы жоғарғы полкадан бола ма?
– Болады.
Жігіт үйіне қайтып келеді.Әйелі:
– Жаным, маған билет алдың ба?
– Әрең дегенде соңғы билетті екі есе бағасына алдым. Ертең мен жұмысқа ерте кетем. Өзің бара бере ғой.
***
Ескертпе:
«Үйдегі ұялы телефоныңызды қайда қойғаныңызды есіңізге түсіре алмай дал болсаңыз, саспаңыз. Мұндайда жай телефон – таптырмайтын көмекші құрал. Әрине, егер де қалааралық байланысыңыздың ақшасы төленген болса».
Әзіл-шыны аралас
Последние статьи автора