Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасына тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейді. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тіліндегі кірме сөздерді (парсы және араб тілінен енген) айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық өнерінің бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.

Сүйекке кіру. Қайтыс болған кісіні ақ жауып арулау. Бұған сүйекті жуудың жөнін білетін марқұммен замандас адамдар кіреді. Сүйегіне кіретін адамдарды марқұмның өзі де айтып кетуі мүмкін. Бұған шариғат заңы бойынша әр рудан (атадан, ата ұлынан) бес не жеті кісі түседі. Олар­дың міндеті – аруақты жуып, тазарту. Бұдан кейін марқұм әйел болса – бес қабат, еркек болса – үш қабат ақ матаға ақиретке оралады.
Сүйіндір. Келіншек босанғаннан кейін оның анасы кәде-жорасын алып әдейі келуге тиіс. Бұл – қалып­тасқан салт және ананың міндетті парызы. Мұны қызын қияға қондыр­ған әр қазақ әйелі білуге және орындауға міндетті. Ана болған өз баласының (қызының) қасында бо­лып, оған рухани қолдау көрсетіп, жас сәбиді емізу, күту жолдарын үй­ретеді, ақылшысы, сүйеніші болады. Құда-құдағиларының немерелі бол­ған қуанышына ортақтасады, нәрес­теге арнаған бұйымдарын, сәлем-сауқатын ұсынады. Құрметті қонағы да болады.
Сүндет той. Қазақ даласында ежелден сән-салтанатымен ерекше аталып өтетін, көптеген өзіндік жөн-жоралғылары бар той. Қалыптасқан дәстүр бойынша ата-бабаларымыз ер балаларын тақ яки 3, 5, 7 және 9 жасында сүндетке отырғызады. Сүн­детке отырғызбас бұрын әрбір ата-ана баласын алдын ала психоло­гиялық тұрғыдан дайындауы тиіс. Алдымен «Бір, екі, үш, төрт, бес, шү­ме­тайымның басын кес!» деп тақпақ үйретеді, «сүндетке отырғаннан кейін ғана сен нағыз жігіт боласың» деп күнделікті құлағына құя береді. Осын­дай әңгімелерге әбден еті үйренген бала осы бір күнді асыға күтіп, іштей дайын болып жүреді.
Сүндет тойын өткізетін сәтті күн алдын ала белгіленеді. Бұл тойға тән ерекшелік – тойға қонақтарды бала­ның өзі шақырады. Айшықты тарлан­бозға мінген, сәнді киінген бозбала мен құйрығын шарт түйіп, жорға мінген сүндет бала көпшілікті тойға шақырады. Оның бауырсақ пен мәм­пәси толтырылған қоржынынан тойға шақырылған үй иесі дәм татады да, түсті матадан жыртыс жыртып, бала мінген жорғаның жалына бай­лай­ды.
Сәрсенбінің сәтті күні ауыл молда­сы баланы сүндетке отырғы­зады. Бұл рәсім былайша жүргізіледі: әкесі баланы дастарқанға шақырып, күл­дір­гі әңгімелер айтады, мақтауын жеткізе отырып, төсекке жатқызады. Үйде жалғыз қалған молда қолын үш рет сабындап жуып, құрал-сайман­дарын отқа ұстап, таза ақ шүберек, ұнның кебегі, кесе дайындай­ды. Мол­да бала көңілін аулайтын түрлі хикаялар айтып отырып, шүметайы­ның артық терісін қаз майымен әбден уқалап, жанын кетіреді, оның қалай­ша шорт кесіліп қалғанын баланың өзі де аңғармай қалады. Ұнның кебегін сеуіп қанын тоқтатады да, үстіне кесе төңкереді. Қарақотыр­ланған жарасы қажалып, қанамас үшін етегі кең көйлек киген бала бір-екі күннен кейін жүгіріп кетеді (шүме­тайдың артық терісін перзенті немесе ұлы жоқ ата-аналар қалап ала­тын жоралғы бар).
Тойға келген адамдар «сүндетің қабыл болсын» деп баланың айнала­сына жеміс-жидек пен тәтті дәмдер толтырып, жастығының асты­на ақша салады. Сүндеттелген бала ата-ана­сы­­ның сұрауы, өзінің қалауы бойын­ша жиналған қаржыны жұм­сай­ды. Сүндет тойында ауқатты адам­­дар ат шаптырып, көкпар тарт­қан.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің алдағы бірнеше санында қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөліммен назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста