– Кеше Қапшағай көлінде менің баламды судан құтқарған сен бе?
– Иә, менмін.
– Оңбаған! Баламның көзілдірігі қайда? Тез арада таппасаң, шағымданамын.
***
Таксист аялдамада өзімен-өзі тұрған қызға тоқтап:
– Қарындас, отырыңыз, жеткізіп тастайын, – дейді.
Қыз:
– Кешіріңіз, мен автобус күтіп тұрмын. Уақытым жоқ, жұмысқа тезірек баруым керек!
***
– Арықтаймын деп жүріп тарақанға айналатын болдым.
– Қалай сонда?
– Үйдегілерге арықтаймын деп айтып қойғанмын ғой. Ал олар маған тамақтан бас тартуға кеңес берді. Мен оларға тамақты аз жеуге уәде бергем. Бірақ қарным тоймаса, көңіл-күйім болмайды. Түннің бір уағында солардан тығылып тамақ жеймін, біреу жарықты жағып қалса, қаша жөнелемін.
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора