Әріптестер әңгімесінен:
– Бастықтың қит етсе «бәрің түгел маған жиналыңдар» дейтіні қызық.
– Неге?
– Кеңседе үш-ақ адам жұмыс істейміз ғой.
***
Бір еркек полиция бөлімшесіне келіп шағым айтады:
– Мені әйелім уландырғалы жүрген сияқты.
– Неге олай деп ойлайсыз?
– Кеше ол «Зиянкестерден қалай құтылуға болады?» деген кітап сатып алды...
***
Жігіт қызға:
– Не болып қалды, неге жылап тұрсың?
– Ата-анам біздің үйленуімізге қарсы.
– Соған да жылай ма екен, үйленбей-ақ қояйық онда.
***
Дәрігер науқасқа:
– Сізге қатты ашулануға болмайды, ұстамдылыққа үйреніңіз.
– Не деп сандалып тұрсың өзі, отырған жеріңде быт-шытыңды шығарайын ба қазір...
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора