Бағдаршамға тоқтап тұрған джиптің жүргізушісіне бір бомж келіп ақша сұрайды:
– 200 теңге берші.
– Оны не қыласың, арақ алып ішесің бе?
– Жоқ.
– Темекі тартатын шығарсың?
– Жоқ. Мүлде шекпеймін.
– Онда машинаға отыр.
– Неге?
– Сені үйге алып барып, әйеліме арақ ішпейтін, темекі тартпайтын жігіттің қандай болатынын көрсетейін.
***
Әйелі күйеуіне:
– Жұрттың бәрі жағажайға барып демалуда, біз осылай отыра береміз бе?
– Бәрібір екеуіміз де суда жүзе алмаймыз ғой...
***
Емханада. Дәрігердің қабылдауында:
– Қай жеріңіз ауырады?
– Еш жерім.
– Онда неменеге келдіңіз?
– Не болды сонша ашуланып, дені сау адам көрмеп пе едіңіз?...
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора