Кішкентай сайтанға әкесі түсіндіріп отыр:
– Балам, анау жайылып жүргенді жылқы дейді. Мінсең – тұлпар, жесең – ас.
– Ал анау ше?
– Ол – сиыр. Ішсең – сүт, жесең – ет.
– Ал анау екі аяқты ше?
– Оған мүлде жолаушы болма. Олар адамдар. Ішеді, жейді, бәрін бүлдіреді. Содан соң «сайтан түртті» деп бәрін бізге жаба салады.
***
Екі құрдастың әңгімесінен:
– Кредит алғалы бері үйде ештеңе қалмады. Қолға ұсталатынның бәрін саттым. Теледидар, радио, киім-кешек дейсің бе – бәрі кетті. Сатылмаған арым ғана қалды.
– Арыңды қолға ұсталмайтын болғасын сатпай жүрсің бе?
– Жоқ!
– Енді?..
– Біздің қоғамда ар ешкімге керек емес екен. Өтпейді.
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора