Жауынгер жігіт генералға:
– Мен әскери борышымды сіздің қол астыңызда өтегім келеді.
– Жоқ, сені басқа жаққа жібереміз.
– Әке, сіз уәде беріп едіңіз ғой...
***
Командир сапта тұрған жауынгерлерге:
– Араларыңда суретшілер бар болса, екі адым алға шықсын.
Үш жігіт алға шығады.
Командир оларға:
– Әскери бөлімшенің қоршауы мен есік-терезелерін бояп шығыңдар!
***
Жауынгер командиріне:
– Парашют ашылмай қалса қайтемін?
– Жерге құлайсың.
– Неге?
– Одан басқа амалың бар ма еді?
***
Әскери акция:
«Бөлімшеге әскерге баратын бес жігіт ертіп кел де, «Әскери билетті» тегін жаздырып ал!»
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора