Қожанасырдың бала кезі екен. Бірде анасы көрші үйге бармақ болып оған:
– Балам, үйге қарап отыр, есікті тастап, бір қадам ұзаушы болма, – деп тапсырады.
Қожанасыр табалдырыққа жайғасып алып, үйге қарап отырады. Біраз уақыт өткен соң үйге қонақтар келеді.
– Жайғаса беріңіздер, мен барып анамды шақырып келейін, – дейді Қожанасыр қонақтарды үйге кіргізіп. Сөйтеді де, қонақтардың көздерін бақырайтып қойып, есікті топшасымен жұлып алады да, арқасына салып, жүгіріп көрші үйде отырған анасына барады.
– Балам-ау, мынауың не? Есікті неге жұлып алғансың?
– «Есікті тастап бір қадам ұзаушы болма» деген өзіңіз емес пе!
***
Көршісі Қожанасырдан арқан сұрайды. Қожа үйіне кіріп шығып:
– Әйелім арқанға ұн салып қойыпты, – дейді.
Көрші:
– О заман да бұл заман, арқанға ұн сала ма екен?
Қожа:
– Бергісі келмеген адам не демейді...
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора