Солтүстік өңірлерге қоныс тебушілер қатары артуда

Солтүстік өңірлерге қоныс тебушілер қатары артуда

 Республикада халқы тығыз өңірлерден халқы сирек орналасқан өңірлер¬ге халықты қоныстандыру жұмыстары 6 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы «Үшінші кешенді міндет − еңбек нарығын жаңғырту» атты бөлімінде басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету жөнінде айтылған еді. Осы орайда еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға байланысты облыстың халқы тығыз орналасқан аудандарынан республикамыздың шалғайдағы өңірлеріне халықты көшіру барысы жалғасын тауып келеді.
2014 жылы Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан арасында, 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облысы арасында халықты жұмыспен қамту жөнінде ынтымақтастық меморандумдары түзілген болатын. Ал 2014-2016 жылдары «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Оңтүстік өңірлерден барылғы 154 отбасы қоныс аударып, көшу шығындары өтелді. Қоныс аударған азаматтардың 48-і ауыл шаруашылығымен айналысса, білім саласына 42 азамат қызметке алынды. Сондай-ақ бүгінде жергілікті атқару органдарында 11, қызмет көрсету саласында 12, денсаулық сақтау саласында 7 адам еңбек етіп жүргені анықталды. Қазақстан Республикасы Үкіметі 2018-2022 жылдарға арналған өз еркімен қоныс аударушыларды ынталандыру, ішкі көші-қон саясатын жүзеге асыру мақсатында «Оңтүстік-Солтүстік» жобасын дайындады. Себебі, республикамыздың солтүстік облыстары халқының саны (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар) жыл сайын кеми түсуде. Оңтүстік Қазақстан облысы − артық жұмыс күші бар, республикадағы халқы тығыз орналасқан аймақтардың бірі. Оның үстіне өңірдің табиғи-климаттық және географиялық жағдайының қолайлы болуы да адам капиталының дамуына оң әсерін тигізеді. Ресми деректерге жүгінсек, соңғы бес жылда халық саны 272,8 мыңға немесе 24 пайызға артып, бүгінде тұрғындар 2 861,3 мың адамға ( оның ішінде жұмыссыздар саны 62,7 мың) жетті. Сөйтіп, республика халқының 16,1 пайызын құрап отыр. Ішкі көші-қон (миграция), яғни халықтың облыстан көшуі мен келуі барысынағы айырмашылықты қоса алғандағы көрсеткіштің өзі өсу динамикасын байқатады.
Халық саны жағынан елімізде үшінші орындағы Шымкент қаласына қоныс тебушілер қатары жылдан жылға көбейіп тұр. Бүгінгі таңда облыс бойынша тұрғын үй салуға жер телімін алуға 173 мыңға жуық адамның өтініші тіркелсе, 49 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр.
Өңірдің экономикалық белсенді халқының жұмыспен қамтылғаны 1147,2 мың адам екен. Оның құрамында өздігінше жұмыспен қамтылғаны 502,8 мың адамнан асады. Яғни, олар жұмыссызбыз деп қарап отырмай, қолынан келетін кез келген кәсіппен айналыса береді. Нарық заманына бейім мұндай жандар жалпы жұмыспен қамтылғандардың 43,8 пайызын құрайды екен. Ал облыс бойынша өздігінше жұмыспен қамтылғандар үлесі республикада ең жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.
Аймақтық квота бойынша өткен жылы 6766 азамат Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне көшкен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы көшіп келушілерді қабылдаудың аймақтық квотасы – 1517 отбасы. Қоныс аударатын отбасы немесе 6363 адам деп белгіленген болатын. Осы жоспар бойынша бір жыл ішінде 6766 адам (1 858 отбасы) көшіп, жоспар 106 пайыздық көрсеткішпен орындалды. Еске сала кетсек, еңбек ресурстарының ұтқырлығын ынталандыру үшін «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша Үкіметтің айқындаған аймақтарына ерікті түрде қоныстанған тұлғаларға мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.
«Халықтың көші-қоны туралы» туралы ҚР Заңына сәйкес, қоныс аударушылардың Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарынан көшуі көзделген. Ал қоныс аударушыларды қабылдау аймақтары ретінде Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары белгіленген. «Ерікті түрде қоныс аударушыларға субсидия беріледі: яғни әрбір отбасы мүшесіне 35 АЕК (88 мың теңге) көлеміндегі біржолғы төлем және тұрмыстық үй-коммуналдық төлемдердің құнын ай сайын төлеу үшін отбасына 12 ай ішінде 15-тен 30 АЕК-ке дейін (39 мыңнан 76 мың теңгеге дейін) төленеді. Бұдан басқа 2018 жылдан бастап, жұмыс берушілерге жұмысқа тұрақты қабылдаған әрбір жұмысшы үшін (кемінде 5 адам) 450 АЕК (1 млн 136 мың теңге) мөлшерінде субсидия беріледі. Сондай-ақ көшіп келушілер мен оралмандар арасында жаңа бизнес-идеяларды дамытуға бағытталған жаңа тетік те іске қосылды. Бағдарлама қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 100 АЕК (252 мың теңге) көлемінде мемлекеттік гранттар берілуде», – делінген министрліктің хабарламасында. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылған. 2019 жылдан бастап бағдарламаға жұмыс берушілердің қатысуымен қоныс аударған адамдар үшін тұрғын үй салу және сатып алудың жаңа тетігі енгізілді. Алдағы үш жылда бұл жаңа тетік 3000-ға жуық қоныс аударушыны тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста