Қоныс аударушыны мәжбүрлеп көшіруге орын жоқ

Бәсекеге қабілетті ел болу үшін алдымен еңбекке қабілетті азаматтарымыздың екі қолына бір күрек табылып, жұмыспен қамтылуы аса маңызды. Біздің қазақ жері аса кең, облыстарымыз бір-бірінен шалғай орналасқандықтан да еңбек нарығында тепе-теңдіктің болатыны заңды. Мұндайда мемлекет, халықты жаппай жұмыспен қамтып, өңірлердің дамуына мүмкіндік беру үшін біріншіден, халқы тығыз орналасқан облыстар анықталып (елдің оңтүстігі), жұмыс қолы жетіңкіремейтін облыстардың (солтүстік-орталық аймақтар) жағдайын салыстырды.  Екіншіден, көші-қон кезінде қаржылай көмек қарастырылып, адамдардың бастапқы бейімделуі мен жол пұлы, жүк тасымалы сынды шығындарын көтердң. Үшіншіден, осы мақсатта өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіледі. Төртіншіден, жұмыс іздеушіні ешқандай мәжбүрлеу жоқ, көшу жайлы шешімді ол өзі қабылдайды. 

Еліміздегі еңбек ресурстарының мобильділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған мемлекеттік Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» бағдарламасына сәйкес Үкімет бекіткен өңірлерге өз еркімен көшуге ниет білдіргендерген азаматтарға мемлекет қолдау білдіреді. ҚР «Көші-қон туралы» Заңына сәйкес Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыс Түркістан облыстарынан халықты көшіру көзделген. Өйткені бұл өңірлерде соңғы он жылда жыл сайынғы халық саны облыстағы жалпы халық санының 2% құраған, ал халықтың тығыздығы бір шаршы метрге 6,4 адамнан артық.

Қоныс аударушыларды қабылдайтын өңірлер ретінде Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары белігленді.
Ерікті қоныс аударушыларға көшуге субсидия бөлінеді, отбасының әр мүшесіне 35 АЕК (88 мың теңге) көлемінде бір реттік төлем аударылады. Баспана жалдау үшін және коммуналдық төлемдер үшін 12 ай бойы әр отбасыға 15-тен 30 АЕК (39 мыңнан 76 мыңға дейін) көлемінде ақша аударылып отырады.
Сонымен қатар былтырғы жылдан бері жұмыс берушілерге қоныс аударушылар қатарынан жұмысқа қабылданған әр жұмысшы үшін (кемінде 5) 450 АЕК (1 136 мың теңге) көлемінде субсидия бөлінеді.
Сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар арасында жаңа бизнес-идеяларды дамыту үшін тағы тың жобалар бар. Бағдарламаға қатысушылардың жаңа бизнес-идеялары үшін 100 АЕК (252 мың теңге) көлемінде мемлекеттік гранттар бөлінеді.
Баспанамен қамтамасыз етуге қатысты да біраз оңды өзгерістер бар. Елбасның тапсырмасымен 2019 жылдың басынан бері жұмыс берушілердің қатысуымен қоныс аударушыларға арналған үйлерді салу мен баспана беруге байланысты бағдарламаға жаңа механизм енгізілді. Яғни,Солтүстік Қазақстанда алғаш енгізілген пилоттық жобаны қоныс аударушыларды қабылдайтын басқа да өңірлерге енгізу қарастырылуда. Жаңа механизм алдағы 3 жылда көшіп келген 3 мыңнан астам отбасыны баспамамен қамтуға мүмкіндік береді.

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларды қолдау үшін «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы да нәтижелі жеміс беруде.
Талдау қорытындылары көрсеткендей, қоныс аударушылардың жартысынан көбі Павлодар облысна – 31%, Шығыс Қазақстанға– 27%, Солтүстік-Қазақстанға – 22%, Қостанай облысына – 16% көшіп келген.
Қоныс аударушылардың көбі Түркістан облысынан – 36%, Алматы облысынан – 28%, Жамбылдан – 15%, Қызылордадан – 13,5%, Маңғыстау облысынан– 2,7%.
Қоныс аударушы 3 265 адамның 48% еңбекке қабілетті жаста, Олардың 2 208 адамы немесе 70% жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ 180 адам жеке кәсіпкерлікпен айналысады. 112 адам көшіп келген өңірлерінде қайта білімін жаңартуда.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста