Нәсібім мол болсын десеңіз, кәсіппен айналысыңыз!

Нәсібім мол болсын десеңіз, кәсіппен айналысыңыз!

Қазіргі кезде жүйелі жұмыс істеп тұрған «Нәтижелі жұ­мыс­пен қамтуды және жаппай кә­сіп­керлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» қарапайым халық үшін берері мол. Себебі қазіргі заманда азаматтардың еңбек құқығын сақтай отырып еңбек ресурстарының ұтқыр­лы­ғын арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Мұндағы басты  мақсат халық­ты нәтижелі жұмыспен қам­тып, жеке кәсібіне қолдау білдіру. 

Еліміздегі жұмыс күші жетіңкіремейтін аймақтарды жұмыс күшімен қамтамасыз ету үшін іске асырылып жатқан бағдарламаның пайдасы ұшан-теңіз. Бұл бағдарламада өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен аумақтық ынталандыру да қарастырылған. Былтыр бағытта қолға алынған шаралардың нәтижесінде Жамбыл облысынан 54 отбасы еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударып, еңбекке қабілетті отбасы мүшелері тегіс жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда Әулиеата өңірінен солтүстікке және шығысқа көшкен азаматтар қоныстанған жерлеріне тұрақтап, тіршілктерін жасауда.
Еліміздің солтүстік өңірлері биыл да оңтүстіктен келер көшті қарсы алуға дайын екендерін айтады. Таяуда Тараз қаласында өткен өңіраралық жәрмеңкеде Қостанай және Павлодар облыстарының өкілдері жамбылдықтарға бос жұмыс орындарын ұсынған болатын.
«Еңбек нарығындағы сұранысы өте жоғары солтүстік және шығыс өңірлерін жұмыс күшімен қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Бос жұмыс орындарына бәсекелестік жоғары аймақтардан, яғни халқы тығыз қоныстанған Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарынан тұрғындар солтүстікке көшіп барса, оларға тиісті әлеуметтік пакеттер беру, баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру мәселесі толық қарастырылған. Былтыр солтүстік облыстарға 54 жамбылдық отбасы қоныс аударса, биыл 34 отбасы – 159 адам көшіп барды. Қазір олардың еңбекке қабілеттілері жүз пайыз жұмыспен қамтылған», – дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылы Қордай ауданынан 17 отбасы, 78 адам, Шу ауданынан 3 отбасы, 9 адам, Байзақтан 1 отбасы, 4 адам, Тараздан 4 отбасы, 23 адам және Меркі ауданынан 2 отбасы, 12 адам, сонымен қатар Талас ауданынан 1 отбасы, 3 адам, Жуалы ауданынан 1 отбасы, 6 адам өзге өңірлерге қоныс аударған. Оларға тиісінше мүмкіндіктер де қарастырылған. Басқарманың көші-қон бөлімінің басшысы Айжан Әлімбекованың айтуынша, еліміздің солтүстік облыстарына қоныс аударған отбасылардың бәрінің бұл күнде жағдайы жақсы. Әлеуметтік қорғаудың әлеуетін сезініп отырған азаматтар лайықты жұмысқа орналасып, күн кешуде. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысына Жамбыл өңірінен 27 отбасы көшіп барған екен. Жиыны 126 адамды құрайтын отбасы мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, М.Жұмабаев, Мамлют, Аққайың, Тайынша, Шал ақын және Жамбыл аудандарының елді мекендеріне қоныстанып, жеке қаражат есебінен тұрғын үймен қамтылыпты. Және отбасы иелері мұнда «Наурыз 2030», «Андреевка» ЖШС, «Булаевский элеватор» АҚ, сондай-ақ «Виктория» шаруа қожалықтарына жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар Павлодар облысына 5 отбасы, 22 адам қоныс аударған екен. Жамбыл өңірінен қоныс аударған азаматтар Павлодар, Екібастұз қалаларына және Лебяжі ауданына қоныстанған. Мұнда да қоныс аударушы азаматтар жалдық тұрғын үймен қамтылып, отбасы басшылары «Қазақстандық вагон құрылыс компаниясы», «Промсервис Отан» ЖШС-ға жұмысқа орналасыпты. Ал Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Шемонаиха аудандарына биыл 11 адамнан құралған әулиеаталық 2 отбасы қоныс аударыпты. Тараз қаласынан және Байзақ ауданынан келген отбасылар жалдық тұрғын үймен және жұмыспен қамтылған.

Несібесінің мол болуы әр азаматтың өз кәсібіне байланысты. Сорндықтан солтүстік өңірлерге  өңірлерге қоныс аударған жамбылдықтардың сол жерде кәсібін ашуға да мүмкіндігі бар. Тіпті жуырда өткен солтүстік облыстар тарапынан ұсынылған бос орындар жәрмеңкесінде талапкерлерге тиісті мәліметтің бәрі беріліп, мән-жай түсіндірілді. Сондықтан да биыл солтүстік өңірлерге қоныс аударушылардың көрсеткіші арта түсуі мүмкін.

Айша Нұржанқызы 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста