Кемел келешектің кепілі – кәсіпкерлік

Кемел келешектің кепілі – кәсіпкерлік

 Еліміздің аймақтарында мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімді құралдарын енгізу арқылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалы Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Оның қатарында «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған бағдарламасы, Өңдеу өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ «Береке» өңірлік бағдарламасы нәтижелі іске асырылуда. Жамбыл облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалының директоры Бақытжан Исақовтың айтуынша «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылдан бері өңірде 600-ден астам кәсіпкер қолдау көріпті. «Даму» қорының берген кепілдіктерінің жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, биыл жалпы несие сомасы 1 282 млн теңгеге 43 кепілдендіру шартына қол қойылып, онда «Даму» қоры шығарған кепілдіктердің жалпы сомасы 463,3 млн теңгені құрады. Ал қаржылай емес қолдау құралы бойынша 2013 жылы консультациялық қызметтерді көрсету үшін «Даму» қорында Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылған болатын. Орталықтың жұмысы «Даму» қорының бағдарламаларын ғана емес, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдарының да мемлекеттік қолдау құралдары бойынша кеңес беріп отыр. Кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік әлеуеті бар халыққа 20 мыңнан астам, биылдың өзінде 700-ден астам кеңес берілді. Осы орталық 105 кәсіпкерге «Назарбаев университеті» ӘҰБ-де «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» компоненті шеңбе­рінде тренинг ұйымдастырып, биыл 16 кәсіпкер білім алды. Тағы бір айта кетерлігі, бізде Мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығы бар. Бұл – халыққа кеңес беру қызметтерін көрсету мақсатында өңірлерге баруға арналған арнайы автобус. Мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығы облыстық кәсіпкерлік басқармасы және өңірлік кәсіпкерлер палатасының келісімі бойын­ша, кеңес беру мақсатында ай сайын аймақтағы барлық ауданға шығып отырады. 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың бағдар­ламасы іске 2017 жылы қосылды. Бағ­дар­лама шеңберінде «Даму» қоры республи­калық және жергілікті бюджет­терден бө­лінген қара­жатты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен стартап-жобаларды несиелендіру үшін екінші деңгейлі банктер мен микро­қаржылық ұйымдарға орналас­тыратын қаржы операторының функциясын орындап отыр. Жамбыл облысында бұл бағдарлама Тараз, Қаратау және Жаңатас қалаларында жүзеге асуда. Өткен жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 817,6 млн теңге бөлінді, оны «Даму» қоры екінші деңгейдегі 6 банкке орналастырды. Барлық бөлінген қаражат толығымен игерілді. Нәтижесінде, 74 жоба несиелендірілді. Оның ішінде Тараз қаласында – 64, Қаратау қаласында – 5, Жаңатас қаласында 5 жоба бар. Биыл бағдарламаны іске асыру үшін 1 232,8 млн теңге бөлініп, оның ішінде бүгінде 635,6 млн теңге келесі төрт банкте орна­ластырылды. Аталған бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде біздің облыста жалпы сомасы 921 млн теңгеге 84 жеңілдікті несие берілді, оның ішінде қордың кепілдігімен 189 млн теңге сомасында 26 несие алды, – дейді Бақытжан Оразқұлұлы. Маманның айтуынша, Өңдеу өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнесті қолдауға арналған бағдарлама 2014 жылдан бастау алған екен. «Даму» қоры өңдеу өнер­кәсіп саласындағы кәсіпкерлерді жеңілдікті шарттармен несиелеу үшін, екінші дең­гейдегі банктерге қаржы бөлген екен. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры­нан осы бағдарламаға жалпы алғанда 200 млрд теңге бөлінсе, оның ішінде 17 млрд теңге – Жамбыл облысының кәсіпкерлерін қаржыландыруға бұйырыпты. Сөйтіп, 17 млрд теңгеге 47 кәсіпкер қолдау алған. Оның ішінде12 кәсіпкер осы жылы 2 277,7 млн теңге қаржылық қолдауға қол жет­кізіпті. – «Береке-3» шағын және орта кәсіп­керлікті өңірлік қаржыландыру бағдарла­масы бойынша айтар болсам, жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламалар болға­нымен, біздің облыста жеңілдікті қаржы­ландыру көлемін ұлғайту мақсатында, Жамбыл облысы әкімдігі мен «Даму» қоры бірлесіп тепе-теңдік негізде қаражат бөлуді көздейтін «Береке» өңірлік бағдарламасын әзірлеген болатын. «Береке-1» бағдары бойынша 2016 жылы 500 млн теңгеге алғашқы пул құрылды, оның 250,0 млн теңгесі Жамбыл облысы әкімдігінен, қалған 250,0 млн теңгесі «Даму» қорынан бөлінді. Көрсетілген қаражат сол жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ-та орналастырылды. Нәтижесінде, «Береке-1» бағдарламасы шеңберінде 14 кәсіпкер жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Ал «Береке-2» бағдары бойынша 2017 жылы Жамбыл облысының әкімдігі мен «Даму» қоры пулды 1,0 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабыл­дап, оның 500,0 млн теңгесі – Жамбыл облысы әкімдігінің қаражатынан, ал қалған 500 млн теңге «Даму» қорынан бөлінді. Көрсетілген қаражат 4 банкке орналас­тырылып, «Береке-2» бағдарламасы шең­берінде 40 кәсіпкер несиелендірілді. Осы­лайша, өңірлік бағдарламаның тиімділігін ескере отырып, Жамбыл облысының әкім­дігімен биыл осы бағдарламаны жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Биыл «Береке-3» бағдарламасын іске асыру үшін 1,5 млрд теңге көлемінде пул қалыптас­тырылды, Жамбыл облысы әкімдігінен – 500,0 млн теңге және «Даму» қорынан 1,0 млрд теңге қаражат бөлінді. Бөлінген қаржы тамыз айының аяғында төмендегі екінші деңгейдегі банктерге орналастырылды. «Береке-3» бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде біз 50-ге жуық жобаны қол­дайтын боламыз, – дейді «Даму» кәсіп­кер­лікті дамыту қорының өңірлік филиалының директоры Бақытжан Исақов.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста