Ертіс бойына ел қонуда

 «Елге ел қосылса – құт» демекші, Ертістің бойындағы Павлодар қаласында тұрып, жұмыс істеп, кәсібін ашу үшін Моңғолиядан, Қытайдан, Өзбекстаннан этникалық қазақтар, сондай-ақ Қазақстанның жұмыс күші артық өңірлерінен қоныс аударушылар көшіп келуде.
Павлодар облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, биылғы жылы Оңтүстік Қазақстаннан және жұмыс күші артық аймақтардан Павлодарға жыл басынан бері 27 оралман отбасы, яғни 138 адам, Қазақстанның өзге өңірлерінен 52 отбасы, яғни 237 адам қоныс аударған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде шеттен келген ағайын-дар мен оңтүстік облыстардан қоныс аударушылардың отбасыларын орналастырда қазақ тіліндегі мектептер мен сыныптардың болуы, балабақшалармен қамтылуы ескеріліп, көшіп келушілердің жаңа ортаға тезірек бейімделіп кетулеріне жан-жақты көмек көрсетілуде. Жергілікті әкімдіктердің мәліметіне сүйенсек, өндірісті өңірге жұмысшыар, бақташылар, тракторшылар, мұғалімдер жетіспейді. Сондықтан оңтүстік өңірлерден көшірілетін тұрғындар арасында осы мамандар болса, ең алдымен солар жұмыспен қамтылады. Жалпы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Павлодарға қоныс аударған отбасылардың жұмысқа жарамды мүшелерінің барлығы дерлік жұмыспен қамтылады. Еліміздегі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы 2013 жылы қабылданды. Бағдарламада аясында жол шығынын өтеуге субсидия беріледі. Яғни, үйдің отағасы 50 айлық есептік көрсеткіш және басқа мүшелері 35 айлық есепік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы алады. Жұмыс күші артық өңірлерден халықты Павлодар облысына көшірудің негізгі себептерінің бірі – демографиялық ахуал. Бұл үшін көшіп келген тұрғынға әуелі баспана керек. Балалы-шағалы отбасы бар адамның бір жерден екінші жерге көшіп келіп, үй жалдауға күйі келе бермейді. Сондықтан облыс басшылығы алғашқы жылы отбасыларға үй жалдау үшін ақша бөлінеді. Қоныстанушылар «Бастау бизнес» бағдарламасына қатысуына болады, «Еңбек» бағдарламасы аясында өз кәсібін бастау шін микрокредит ала алады. Осы өңірге келіп, азаматтық алып, істерін дөңгелетіп отырған азаматтар бар. Негізінен көшіп келушулер мал бағумен, тігін тігумен айналысады. Облыс мамандары берген дерекке сәйкес 2017 жылдан бері Павлодпр облысына Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресейден мыңнан астам этникалық қазақ көшіп келген. Олардың ешқайсысы қайта кейін көшкен жоқ. Жылдан жылға көшіп келгісі келетіндер қатары артып келеді. Осы жылы көшіп келгендерге жергілікті басшылар бір реткі жәрдемақыдан бөлек өз кәсібін бастап кету үшін жер және жеңілдетілген несие бере бастады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста