Алматы облысында жұмыссыздықпен күрес оң нәтиже көрсетуде

Алматы облысында жұмыссыздықпен күрес оң нәтиже көрсетуде

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келтірген деректерге қарағанда Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткішке жеткен. Бүгінде елімізде бұл көрсеткіш 4,9 пайызды құрайды.Мұндай нәтижеге жету халықтың жұмыспен қамтылуына тікелей байланысты. Яғни, халықтың жұмыспен қамтылуы бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда әлдеқайда жақсарған.
«Соңғы 8 жылда халықтың жұмыспен қамтылуы 8 млн 100 адамнан 8 млн 600 мың адамға жеткен. Жұмыспен қамтылу құрылымында оң өзгерістер бар. Қызмет көрсету мен өндіріс саласы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны едәуір өскен. (72% - 80%).
Жоғарыдағы көрсеткіштер Қазақстанда жалпы жағдайдың түзеліп келе жатқандығын көрсетеді.
Дегенмен Халықаралық еңбек ұйымының мәлімдеуінше, әлем бойынша жұмыссыздық деңгейі әлі де жоғары. 2017 жылы жер шарындағы халықтың 5,6% жұмыссыз болған, олардың саны 192 млн-нан асты. 2018 жылы да жұмыссыздық деңгейі жоғары күйінде қалып отыр. Себебім әлемдік экономика жеткілікті түрде жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алмайды.
Біздің елімізде жұмыссыздық мәселесін шешу үшін қыруар шарулар атқарылып, түрлі бағдарламалардың жүзеге асырып жатқаны белгілі. Айталық, Алматы облысы бойынша "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" жүзеге асырылғалы біршама жергілікті халық екі қолға бір күрек алып, еңбек қамына кірісті.
2018 жылы Алматы облысы бойынша Кешенді іс шаралар жоспары шеңберінде 54959 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Жыл басынан бері облыстық жұмыспен қамту орталықтарына 40868 адам жүгініп, олардың ішінде 39351 адам жұмыспен қамтылған, яғни, жұмыс іздеушілержің 96,3% жұмысқа орналастырылды.
2018 жылға « Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыру үшін 10706,0 млн.теңге қарастырылған еді.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 6695 адамды кәсіптік оқытуға 2556,0 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде: кәсіптік техникалық оқытуға 1535 адамға 1229,1 млн.теңге; қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 5160 адамға 1326,9 млн.теңге бөлінді.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 6000,9 млн.теңге бөлінді.
Оның ішінде: 1176 адамға 5424,3 млн.теңге шағын несие берілді
- қалаларда және ауылды аймақтарда шағын несиені кепілдендіруге – 394,1 млн.тенге; жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 100 АЕК көлеміндегі гранттар 27 адамға 6,5 млн.теңге; операциялық шығындарды субсидиялауға – 96,0 млн.тенге бөлінді «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуымен 3361 адамды 80,0 млн.теңгеге қамту жоспарлануда.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 2023,3 млн. тенге бөлінді. Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 239,5 млн.тенгеге 1196 адамға;
-жастар практикасына 449,3 млн.тенгеге 1245 адамға;
-қоғамдық жұмысқа 1366,3 млн.тенгеге 10554 адамды.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне әлеуметтік жұмыс орындарына 1385 адам, жастар практикасына 1326 түлек, қоғамдық жұмыс орындарына 6777 жұмыссыз азамат жолданды. Жыл басынан қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 5065 адам қамтылды, оның ішінен 3942 оқұды аяқтап, 2534 адам жұмысқа орналасты немесе 64,2%. Бірыңғай электрондық еңбек биржасы арқылы 2452 бос жұмыс орындары тіркеліп, 9002 адам тікелей тұрақты жұмыспен қамтылды. Жыл басынан қалаларда 2017 жылы бөлінген қаржыдан 68 қала тұрғындары 806,2 млн. теңге көлемінде шағын несие алды.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 2018 жылға бөлінген қаржыдан 497 ауылдық тұрғындарына 2019,6 млн.теңге және 7 қалалық тұрғындарға 66,5 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.
Арнайы білімінің, тәірибесінің жоқтығынан жұмысқа орналас алмай жүргендердің бірі Қапшағалай қаласының тұрғыны Сайлау Чумаев 2017 жылдыкң соңынан бастап жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның білім алғысы келетінін ескере отырып, Қапшағай қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы 2018 жылдың 01 наурыз айынан «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты «Қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту» аясында электргазбендәнекерлеуші мамандығы бойынша кайта даярлау курсына жіберіліп, шілде айында аяқтады. Қазіргі таңда ол «Берік» шаруа қожалыгына дәнекерлеуші мамандығымен тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Осы секілді мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ең бастысы, қарапайым халықтың жұмыссыз, табыссыз қалуына жол бермей, жәрдемдесуді мемлекет міндетіне алып отыр. 

Айым Нұр 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста