Отызыншы жылдары Алаш көсемдерінің астыртын ұйымы болған ба?

Отызыншы жылдары Алаш көсемдерінің астыртын ұйымы болған ба?

Әрине, сол кезде «халық жаулары» атанған Алаш көсемдеріне осындай кінә тағып, соттап, атып, асып жібергенін жақсы білеміз. Ондай «астыртын ұйымның» болмағанын, олардың Совет одағына адал қызмет атқарғанын, бірақ жала жабылып, «ұлтшыл-қылмыскер, халық жаулары атанғанын» біздің тарихшыларымыз, ғалымдарымыз, сая-саткерлеріміз айтып та, жазып та, дәлелдеп те қойған.
Бұл уәж дей ме, әлде сараптамалық пікір дей ме, мен бұған қарсымын. Тек Сталиншіл, Голощекиншіл зұлымдардың айтқанындай «Халық жауы» емес, «Кеңес империясының жауы» болған деп түзету жасағым келеді. Оған түрткі болған, кеңесшіл, құлдық психологиямен уланған миымды, санамды селт еткізіп оятқан мына төмендегі оқиғаны айтып берейін.
Биылғы Рамазан айының орта шенінде «Халық жауы» болып атылып кеткен бабамыз Темірбек Жүргенов жайлы белгілі кинорежиссер Еркін Рақышевтің су жаңа деректі фильмін бір топ зиялы қауым көрді. Фильм сәтті шыққан. Әсіресе фильмнің үлкен бір жаңалығы — отызыншы жылдары Алаш зиялыларының «астыртын ұйымы» болғандығы, сол ұйым арқылы Совет Одағына қарсы жасалған көтерілістерді (Қарақұм, Адай, Созақ, Ақмырза т.б. көтерілістер) ұйымдастырып, сырттай бақылап отырғандығы көрініс берді. Сондай-ақ, Сұлтанбек Қожановтың Темірбек Жүргеновке айтқан ескертуі де осыған саяды: «Елің аштан қырылып жатса, министр болып қалай бойкүйез отырасың?» – деуінде де зор мән бар сияқты.
Жаңа деректі фильмді көргеннен кейін бірнеше ақсақал шу көтерді. «Темірбек адал, таза қызмет еткен. Астыртын ұйым болған жоқ. Ешкімнің тыңшысы да, халық жауы да болған емес. Оның үстіне ол ақталды ғой», – дейді олар режиссерге шүйіліп. Құлдық психология әлі де бойымыздан, санамыздан кетпегенін осынымызбен тағы да аңғарттық. Кім үшін адал, таза? Міне, осы сауал қойылғанда ол кісілер аздап ойлануы мүмкін. «Астыртын ұйым» деген сөзге құбыжық көргендей қарап: «Ондай пәле атымен болған жоқ!» – деп ада-күде қарсы шығып, Темірбек Жүргеновті қорғауға тырысты. Ақсақалдар осы толғамдарымен бабамыздың рухын төмендетіп отырғандарын аңғарған жоқ.
Иә, бүкіл Тұран даласы өліктерге толып, қалың қазағы, бауыры аштан қырылып жатқанда рухы биік, ұлтын жанындай сүйетін Темірбек Жүргеновтер, Сұлтанбек Қожанов айтқандай, кеңсесінде қалай шыдап отыра алады? Бұл мүмкін емес нәрсе ғой. Әрине, сол қырғынға бойкүйез қарап, аштан қырылып жатқан бауырларына жаны шырылдағандарға күле қарап, ту сыртынан пышақ салғандар болған. Олар Алаш зиялылары деген аттан садаға кетсін! Егер Темірбек бабам осындай нәубетте өз үнін білдірмесе, мен оны жек көріп кетер едім. Ондай бойкүйездік көрсету сатқындық емес пе?!
Сонымен, «астыртын ұйым» болған ба, әлде жоқ па? Осыған сәл-пәл үңіліп көрейікші. Жазушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай ағамыздың «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің 71 қайраткерінің үстінен 1927-1932 және 1937-1938 жылдары жүргізілген тергеу ісінің негізінде жазылған «Ұраным — Алаш!» атты түрме әфсанасы «Жұлдыз» журналында қадау-қадау болып жарияланды. Міне, осы қанмен жазылған кітапта нағыз шырылдаған шындық жатыр. «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметі күйрегеннен кейін оның құрамында болған Алаш көсемдері Кеңес империясымен күресті астыртын, жасырын жүргізуге келісім жасаған болу керек», – дейді режиссер Еркін Рақышев. Оны ОГПУ-дің тыңшылары біліп, астыртын ұйымды жария етуге тырысқандығы осы Тұрсын еңбегінде айқын көрінеді.
Мысалы, Мұхтар Әуезовты былай кінәлайды: «Қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымына қатысып, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздегені; Орта Азиядағы басшылардың қозғалысына жетекшілік жасап, сондай қозғалысты Қазақстанда да ұйымдастыруға әрекеттенгені; Кеңес өкіметін құлатуды алды-на мақсат етіп қойғаны толық әшкереленді».
Мұхтар Әуезов былай деп ақталады: «Ташкентте ұйымдастырылды-мыс делінетін астыртын ұйымға мүше болды деп көрсеткен Әділевтің көрсетіндісі мүлдем жалған». Кейін Мұхаң Кеңес үкіметінен кешірім тілеген «Ашық хат» жазды. Әуезовтың шәкірті Мұхамедханов Мұхаңның сөзін бізге былай жеткізгенін жақсы білеміз: «Үгіттеу жүре бастағанда Ахаң «Сендер жассыңдар, келешектерің бар. Ұлт тәрбиесі бар. Керексіңдер. Жүсіпбек пен Мағжанды босата қоймас. Ал біз енді халықты «жаздым, жаңылдым деп тура жолдан жаңылдыра алмаймыз» деп кеңес берді».
Шындығы, ақиқаты қайсы? Алаш көсемдерінің астыртын ұйымы болған ба? Біздіңше, болған сияқты. Кеңес өкіметіне қарсы күрес толастамаған. Оған әрқайсысы бір-бір елге патша болуға лайық Алаш көсемдерінің қарымы да, қайсарлығы да, қажыр-қайраты да, даналығы да, сабыры да жеткен. Біз оларды, ұлыларымызды, сол үшін қадірлейміз, аспанға көтереміз, кейінгі ұрпаққа үлгі тұтамыз.
«Қазақстан ZAMAN» газеті

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста