"Катюша" командирі — Зәбит Ғұсманұлы

"Катюша" командирі — Зәбит Ғұсманұлы

«Отан үшін от кеш, күймейсің», дейді Бауыржан Момышұлы. Жаумен жағаласып, жан алысып, жан беріскен күндерде азаматтық арын, Отан алдындағы парызын биік ұстағанның бірі – Зәбит Ғұсманұлы еді. 

Ленинград түбінде, сыз окопта жатып:
«Хатыңды алдым жан құрбым жазған сенің,
Жүрегіме дем берді айтқан сөзің.
Жалындатып әр сөзің махаббатпен,
Секілденіп қараған мөлдір көзің», – деп хат жазатын Зәбит.
Ажал оғының аузында жатып, жан қалауын осылай өлеңмен кестелеу шынайы-махаббат құдіретін танытса керек. Зәбеңнің жүрек сезімін жеткізген аруы – Зұлфат Сәрсенғалиқызы да ер-азаматтардан қалыспай, «етігімен су кешіп» соғыста жүрген еді. Радистер даярлайтын арнаулы курсты бітіріп, авиациялық атқыштар корпусында бірінші класты радист болып шайқасқа араласқан Зұлфат Болгария, Чехословакия, Румыния, Югославия жерлерін фашистерден азат етуге қатысты. Майдан даласында, оқ пен оттың ішінде түсініскен қос жүрек, қара аспан төнген қаралы күндерде бір-біріне деген ынтық көңілдерін суық қаруды жастана жатып білдірді. Басқа түскен сынақтан Зәбит те, Зұлфат та мойымай өтті.
Біздің қолымызда қаһарлы соғыс жылдарындағы Зәбең тұлғасын көз алдымызға әкелетін жауынгерлік жазбалар бар. Жазба болғанда Подольск қаласындағы КСРО Қорғаныс министрлігіне қарасты Қызыл Жұлдыз орденді Орталық архивтен келген хаттар.
«На Ваше письмо сообщаем, что в картотеке учета офицерского состава значится:
Ст. лейтенант Гусманов Забит Гусманович, 1921 г.р. урож. Чкаловской обл. (так в док.) п. Ак-Булак, в СА с 1940 г…», деп жазылған соның бірінде. Ары қарай оқысаңыз Зәбит Ғұсманұлының жауынгерлік майдан жолдары тайға таңба басқандай айқын көрінеді.

Қырқыншы жылы взвод командирінің көмекшісі, курсант, 1942 жылы 244-атқыштар дивизиясы минометшілер взводының командирі 1944 жылы 567-минометшілер полкінің батарея командирі болғаны, әскери шенінің қоса өскені, 1947 жылы маусымның 7-інде запасқа шыққаны айтылған. 567-гвардиялық минометшілер полкі офицерлер құрамының есеп кітабында «… в графе «ранения» записано легко ранен И.1941 г., легко контужен 7.1944 г.» деп көрсетілген.
Құжат тілі әр оқиғаның қай жылы, қай айда, қай күні болғанын нақты алға тартады. Көңіл күйдің әсерімен баяндалатын әңгіменің жөні бөлек. Зәбит ақсақал кезінде қарулас жолдастарымен бірге шайқасқа түскен күндерді толғана отырып еске алатын.
Зәбеңнің әжім торлаған жүзінен от кешкен ауыр күндердің таңбасы білініп тұрушы еді. Дегенмен, әскери жылнама тіпті ерекше әсер етеді. Архив құжаттарына қайыра бір үңілейік:
«Сообщаем, что в картотеке учета награжденных значится: «Командир батареи 567 гвардейского минометного полка 104 гвардейской стрелковой дивизий, гвардий старший лейтенант Гусманов Забит Гусманович, 1921 г. р. Награжден орденом «Отечественной войны I степени» приказ 23 арм. № 0320/н от 19.8.1944., орденом «Александра Невского» пр. Арт. 59-армии №026/н ОТІ4.4.1944. , орденом Красной Звезды пр. 55 гв.див. арт. бригады №09/н от!7. 5. 1945 г.» делінген онда.
Ақтөбе облыстық қалалық әскери комиссариатының сауалына бір кездері Орталық әскери архив осындай жауаптар жіберген екен. Біздің назарымызды солардың тағы бірі аударды. Өйткені, бұдан алпыс жылдан астам уақыт бұрын өтіп кеткен соғыс кезіндегі жағдайлар құжаттың әр жолын оқыған сайын санаға қаз-қалпында құйыла қалды. Зәбит Ғұсманұлына берілген әскери мінездеме бұл ойымызды нақтылай түскендей. 567-минометшілер полкінің командирі майор Чижов 1944 жылы 29 тамызда қол қойған құжатта былай делінген:
«За время прибывания в полку гв. ст. лейтенант, командир 9-ой батареи 567 АМП РГК 55 Армии Ленинградского фронта товарищ Гусманов Забит Гусманович проявил себя в хорошей стороны, энергичный, принципиальный, инициативный офицер. Обладает хорошей организаторскими способностями.
В боях по расширению Плацдарма на западном берегу реки Нарва и на Карельском перешейке, находясь все время в боевых порядках пехот он умело управлял огнем своей батареи. За мужестве и отвагу, проявленные в боях, награжден орденом «Александра Невского».
Осы жерде айта кету керек, бұл орден 1942 жылы 29 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен «Суворов» және «Кутузов» ордендерімен бір мезгілде бекітілген. Оның сипаттамасында «Александр Невский» ордені соғыс кезінде Отан үшін болған шайқастарда жеке ерлігі, батылдығы мен табандылығы үшін және өз бөлімдерінің жеңісін қамтамасыз етуде жауынгерлік әрекеттерге үйлесімді басшылық жасағаны үшін Қызыл Армияның командирлеріне беріледі» делінген. 1941-45 жылдары ерлік көрсеткен 40 мыңдай кеңес офицері осы «Александр Невский» орденімен марапатталыпты. Қазақстанда ондай адамдар көп емес.
Подольск архивінен алынған аға лейтенант Зәбит Ғұсмановтың жеке басы туралы құжатта да «В боях с Белофинскими захватчиками на Карельском перешейке проявил себя мужественным и бесстрашным командиром батареи, все время находясь в боевых порядках наступающей пехоты» деп жазылған. Одан әрі қарай Финляндиядағы Вуокси өзенінің оң жағалауындағы биіктік — «Маннаргейм» бекінісін алар кезде 1944 жылы 4 шілде күні Зәбит Ғұмаров өз батареясымен финдердің үш бірдей шабуылына тойтарыс беріп, 50-дей жау сарбазының көзін жойғаны, 14 шілдеде кеңес әскерлері Вуокси өзенінен өтер кезде жаяу әскердің жолын ашып, батарея оғымен плацдармды үш шақырымға дейін кеңейткені, 15-16 шілдеде финдердің тағы да үш шабуылын қайтарғаны, сөйтіп бір взвод жау сарбазын жер жастандырғаны айтылған. Бұл кезде 567-полк командирі Засеев деген майор екен. Ол да Забит Ғұмаровты мемлекеттік наградаға ұсынады.
Құжаттар осылай сөйлейді. Жауынгерлік жолдың мысалдары тіпті көп. Оның бәрін тізбелеуді мақсат етпесек те, архивтегі жеке бас құжатынан тағы мына бір жолдарды ұсынуды жөн көрдік.
Соғыстан кейін 1946 жылы батыстағы майдан даласында жүрек жылытқан махаббат сезімін әлдилеп, Зәбит пен Зұлфат отау көтерді, бейбіт өмірде ұрпақ өсірді, еңбек етті. Бақытты ғұмыр кешті. Тек, сол бақытқа жетудің бұралаң жолдары мен қиындықтары аз болмады. Жеті жасынан жетім қалып, елді аштық жайлаған жылдары туған інісі Әнуарды жетектеп жүріп, Орынбор облысының Ақбұлақ ауданындағы жетімдер үйінен пана тапқан Зәбиттің анасы да, әкесі де өкімет болып еді. Атасы Меңдібай кезінде «Көжар» жәрмеңкесінің іргетасын қалап, Ойыл өзенінің бойынан үй салып, шаруашылығын жүргізген адам. Сол жерде Мұқаш, Дәукен, Серікбай, Ғұсман сынды ұлдарын жақсы іске баулып, мектеп салып өз қаражатымен балаларын оқытқан. Бірақ бай әулеті деген желеумен барлығын Орынборға жер аударады. Кейін Зәбиттің Ресей жеріндегі балалар үйінде тәрбиеленуінің тарихы осындай. Ал соғыста ол елі мен жері үшін жан аямай арпалысты. Пулеметшілер бөлімшесінің командирі болған інісі Әнуар 1943 жылдың қаңтар айында Волхов майданында ерлікпен қаза тапты.
Бала кезінде Ойыл өзенінің суына түсіп, топырағына аунап құмардан шыға алмаған Зәбит Ғұсманұлының бар болмыс-бітімі туған жерінің топырағынан жаралғандай, кең де салқам еді.
Бүгінде соғыстың өртінде шыңдалған, жауынгерлік махаббат символындай өркенді шаңырақтан өрбіген төрт ұл мен он шақты немере ата мен әже үлгісін қастерлеп, пір тұтады.

kaharman.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста