"Декреттегі" еркектер немесе қазақтың ер-азаматтары не жеп жүр?

"Декреттегі" еркектер немесе қазақтың ер-азаматтары не жеп жүр?

Не байқадыңыз?
Осыдан екі-үш жыл бұрын болған оқиға еді… Бір режиссер апайымыздың жүктілік демалысына шығу мерзімі таяп жүрген кезі еді. Пингвин сияқты домалаңдап, әдемі жүретін. Асықпай басып жұмысқа келіп, ең әдемі келіншек қалпы­мен бір балалы әйелдерді үнемі қызықтыратын. Апайымыздың өз көлемінен үлкейіп бара жатқа­нын байқағандар, «әй, осы екінші балаң қыз бола­тын шығар» деп өздерінше болжам жасай­тын.
Бір күні кабинетке кірсек, әлгі апайымызбен фотосессия жүріп жатыр. Бір ағайымыз бен әлгі режиссер апайымыз бір-біріне қарындарын жақын­датып, суретке түсіп жатыр. Тіпті қайсы­сының аяғы ауыр екенін ажырата алмай қалдық. «Жақында мен де декретке шығамын» деп, ағайымыз елдің бәрін қыран-топан күлдіріп жатыр…
Бірақ сол қалжыңнын астарында үлкен зіл жатыр еді, «декретке шығатын уақыттары таяп жүрген» ер адамдарды күнде көріп жүрген жоқпыз ба?
Мұхтар Шахановтың «қарын алға шықса, дарын артқа кетеді» деген сөзі есімізге түсіп отыр. Неліктен қазақтың ер-азаматы семіруді, артық салмақ жинауды әдетке айналдырып, үлкен қарынмен достасып, балаларына «жаман әдеттің» жарқын мысалын үлгі етіп жүр?
Сандық деректерге көз жүгіртіп көріңізші.
Ересектер арасындағы дене салмағының артықтығы мен семіздікке шалдыққандардың үлесі Қазақстанда 56%-ға жетіп отыр. Яғни әрбір екінші қазақстандықтың дене салмағы мөлшерден артық немесе семіздікке шалдыққан. Жіктейтін болсақ, ерлер арасында – 53%, әйелдер арасында –58%. Ал тек семіздікке шалдыққандар көрсеткіші 23% шамасында.
Қазақтың ер-азаматтары не ішіп-жеп жүр? Соншама үлкен қойманы өзімен көтеріп, ішіне не сақтап жүр? Семіз адамдардың психологиясында қандай ауытқулар бар? Семіздікті жеңуге не керек? Иман, ерік-жігер, күш, ақыл, адамның өзіне деген махаббаты – осылардың қайсысы керек? Осы сауалдарға мамандар арқылы жауап табуға тырыстық.
Ардақ ТЕМІРБЕКҚЫЗЫ, гастроэнтеролог:
– Біздің қабылдауымызға семіздікке шалдыққан адамдар кейінгі кезде көп келетін болды. Бұл - өте қынжылтатын жағдай. Семіздік қайдан пайда болды дейсіз бе? Бұл жүріп-тұрудың, қимылдың азаюынан және зат алмасу процесінің бұзылуынан, қалай және қай кезде тамақтанғанға да байланысты. Біздің тұрғындардың көпшілігі ұннан жасалған тамақты жақсы көреді ғой, әрі көмірсуға бай тамақтар жейді. Содан кейін ол калория энергия ретінде жұмсалмайды.
Назиля МҰҚАТАЙҚЫЗЫ, Абай атындағы ҚазҰПУ магистратура және докторантура институтының доценті:
– Әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне байланысты қазіргі кезде толу мәселесі бар. Ер адамдар арасындағы семіздік мәселесін айтсақ, оның объективті және субъективті жақтары бар. Адам генімен берілетін семіздікке деген бейімділік. Субьективті жағы - адам баласының өзін-өзі реттей алмауы, белгілі бір талап деңгейіне сай салауатты өмір салтын ұстанбауы. Қазір не ішем, не жеймін деген сұрақтар қиындық тудырмайды. Бірақ осы жерде әр адамның өз еркін билей алуы бірінші орында тұру керек. Артық салмақ қосып алған адамдардың семіздікпен күресуі - адамның психологиялық сенімінің басты мәселесі, яғни жігер керек. Шамадан тыс семіргендердің үлкен жауы, ол – жалқаулық. Екіншіден, кез келген ортада ол адам өзін еркін ұстай алмайды.
Тамақты дұрыс, яғни көп шайнамай жеу де адамның шамадан тыс тамақ ішуіне әкеліп соғады екен. Доктор Пакнежад дұрыс шайналмаған тамақтың салдарын былай баяндайды: “Аз шайнаудың ең үлкен зияны адам жеткілікті тамақ жесе де, қарны ашып тұрады. Ал, шындығында, адам егер тамақты аз болса да, дұрыс шайнайтын болса, қажетті де жеткілікті қуат алады. Дұрыс шайнамау салдарының бірі – крахмалды қорытудағы іш ауруы және асқазандағы ауру сезімі. Сондай-ақ дұрыс шайналмаған тамақтың бір бөлігі дұрыс қорытылмастан сыртқа шығарылады”.
Асан КӨМЕКОВ, әдіскер, төрт баланың әкесі:
– Мен өзімді, шынымен, жақсы көретін адамдардың қатарынанмын. Бұрыннан денсаулығыма, сырт келбетіме өте қатты мән беремін. Ішімдік, темекі атаулыларға жолаған емеспін. Отбасымызбен күнделікті кешкілік сағат онда ұйқыға жатамыз. Таңертең міндетті түрде таңғы ас ішемін. Түскі бірде, уақытында тамақтанамын. Тамақтан­ғаннан соң жарты сағаттан кейін көк шәй ішемін. Режим дегенге өте берікпін. Талғампаздығымнан болар, майға қуырылған тамақтарды жемеймін. Өзім сорпаны жақсы көремін. Әрі буға піскен тамақтарды жеймін. Үнемі қимыл-қозғалыс­тамыз ғой. Дегенмен спорттың ішін­де волей­бол­мен тұрақты айналы­са­мын. Сон­дықтан шығар денем бо­сап, қарын байлап көрген емеспін.
Ислам діні семіздікке қалай қарайды?
Тәнге қажет мөлшерде ғана қорек­тенуге, артық тамақ­тан бас тартуға қатысты Алла елшісі (с.ғ.с.): «Адам ұрпағының ең жаман ыдысы – ол тоя тамақ ішкен қарын. Адам баласына денесін көтеріп жүруге қажет азын-аулақ (бірнеше асам) тамақ жеткілікті. Ал міндетті түрде жейтін болса, онда асқазанының үштен бірін – тамаққа, келесі үштен бірін – суға, ал қалған үштен бірін ауаға арнасын», – деген.
Айша (р.а.) анамыз жеткізген бір хадисінде: «Алла елшісі Мәдинаға көшіп келгеннен бақилық болғанға дейін оның (с.ғ.с.) жанұясы үш күн қатарынан тойып тамақ ішкен емес», – деп қарын тойдыра тамақ ішпеу Алла елшісінің берік сүннеті екендігін білдірген.
Алла Елшісі (с.ғ.с.) тағы бір хади­сінде: «Үмбетім үшін ең қатты уайымдайтын нәрсе – қарын шыға­ру, артық тамақ жеу, көп ұйқы және түйсік-танымның таяздығы», – деген. Бұл хадисте айтылған кеселдің бәрі артық тамақ жеуден туындайды.
Алғашқы мәшһүр сопылардың бірі болған Ибраһим ибн Әдһам: «Кімде-кім асқазанына кіретін тағамды қадағалай алса, өз діндарлығын да қолға алған болады. Асқазанына артық тамақ кіргізбеген адам көркем мінезге иелік етеді. Қарны тоймай жүрген кісі Аллаға асылық қылудан аулақ жүрсе, қарны тоқ кісі бұған жақын жүреді», – деген.
Қазақтың өз тамағы мен дастарқаны қайда?
Алматының көшелерін жарты күн аралап шықсаңыз, неліктен семіріп жатырмыз, не жеп, не ішіп жүргенімізге жауап дайын тұрған секілді. Университеттердің айнала­сын­дағы «Халал самсаның» дүңгіршектері.
Көшенің бұрыш-бұрышындағы газдалған сусындармен бірге тамақтану әдеті. Бір аялдаманың өзінде екі бірдей түріктің донері бар. Залдары кең, кезекке тұруға да ешкім жалықпайды. Астанаға барып келген таныстарымыз: «Алматының донеріне жетері жоқ, бәрібір бізде дәмді» деп те тамсанып жатады.
Қуырылған ащы тауықтар. Тапсырыспен үйге жеткізіп алуға болады. Сенбі, жексенбі күндері алматылықтардың көпшілігі фастфуд жегенді ұнатады отбасымен бірге.
Жас әйелдердің өзара әңгімесі: менің балам осы күнде роллтонды шикідей, қытырлатып тұрып жейді. Басқа тамақ жемейтін болды. Өткен жолы пойызда бір кішкентай бала бірнеше роллтон жегенін көргенде, аузым ашылып қалды.

Әсел ДАҒЖАН
almaty-akshamy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста