Жиналмалы бесік ойлап тапты

Тараздың базарында тал бесік көп. Талдан иіп жасалғаны, ағаштан ойып жасалғаны – бәрі бар. Темірден түйін түйген шеберлердің оюлап жасағаны да бар. Бөпенің «бөлмесі» саналатын бесікке сұраныс қай кезеңде де толастаған емес. Бүгінде бесікке бөленбесе, жылап мазаны алатын бала жетерлік. Сондықтан да шүмегі де, түбегі де өзінде ыңғайлы бесікті қолтықтап қыдыратындар баршылық. Тек алып жүруге ыңғайсыздығы болмаса... Оның да амалы табылды. Тараздық шебер Пернебек Ахмет заманауи жиналмалы бесік ойлап тапты.

Азғана уақытта құрастырылатын, сөмкеге сиып ке­тетін бесіктің артықшылығы көп. Ауыр да емес. Әсіресе ба­лалы аналарға таптырмайтын-ақ дүние. Қас ше­бер­дің қолынан шыққан дүниеге қызығушылар көп. Ол өнер­табысына патентті жуырда ғана алды. Жиналмалы бе­сіктің өз атауы да бар. «Әсем бесік 7777» деп ата­лады. Әзірге шебер өзінің өнертабысын сатуға шы­ға­рып көрмепті. Заманына сай ыңғайластырылған ға­жайып дүниені таласа-тармаса алушылардың аз бол­масы анық. Қас шебер өзінің қолынан шыққан дү­ние­сінің бағасын да әлі нақтыламапты. Әрине, нағыз бүгінге қажетті, аса ыңғайлы дүниенің бағасы сапасына сай болуы тиіс. Дегенмен шебер халықтың да жағдайына қарайтынын айтады. Керемет етіп жасалған дүниенің дабырын естіп әлден-ақ сатып алуға ниет еткендер хабарласып жатқан көрінеді. Ұстаның өзі «егер қолдау табылса, түбегейлі осы істі қолға алар едім» деп отыр. Бүгінде жеке азаматтарға, кә­сіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан кө­мек көп. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдар­ла­масына өтініш білдіріп көрмедіңіз бе?» дегенімізде, ол жағын әлі ойланбағандығын айтты. Әрине, елде жоқ ерекше дүние жасап шығарған шебердің бұл бастамасы қолдауға лайық-ақ. Қыз ұзатып, келін тү­сі­ру­ден кенде болмаған қазекем келешекте заманауи жи­налмалы бесіктің саудасын қыздыратыны анық. Тек оған жарнама мен қолдау ғана жетіспей тұр. Он сау­сағы фабрика дерлік ұстаның қолынан шыққан ға­жа­йып зат бұл ғана емес. Пернекең электронды домбыра да жасаған. Оның дыбысы қоңыр үнді, табиғи болуы үшін шегіне леска тақпай, кәдімгі ешкінің ішегінен иіріп жасаған. Дауысы күмбірлеп тұр. Нағыз дарындылар мұндай домбыраны аяғын жерге тигізбей қағып кетері кәдік. Таразда тұратын қарапайым ғана шебер осы­лай­ша тың дүниесімен талайларды таң-тамаша етіп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста