2018 жылғы 16 қазан күні №178 лицейде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты – білімді және патриот тұлға қалыптастыру және «Адал ұрпақ» клубының жұмысын жандандыру.
Шараға «Жас Ұлан» ұйымы мен «Жас полицияның көмекшілері» жасағының оқушылары қатысты. Дөңгелек үстелді «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Шынасыл Ғалымжан жүргізді. Клубтың мақсаты мен міндеттері туралы толық ақпарат берді. 10 «Б» сынып оқушысы Нұғман Нұрғали «Білімді де патриотты жастар – Елімнің іргетасы» тақырыбындағы баяндамасын оқыды.
Оқушылар түрлі сұрақтардың жауабын талқылады. Мәселен, Жемқорлық рейтингі бойынша Қазақстан, Нигер, Ганзания, Пакистан, Гондурас, Эфиопия елдерінен кейін тұр. Бірақ Қазақстанның табиғат ресурстары да көбірек, экономикасы мықтырақ. Соның бәрінен бір сұрақ туындайды, Қазақстан неге осы елдерден кейін орын алып жатыр? Жемқорларға қандай жаза қолданылады? Пара берген және пара алған адамдарға жаза бірдей ме әлде олар әртүрлі статьямен кете ме?Қазақстан қазір жемқорлық рейтингісі бойынша 123-орынды алып тұр. Келесі жылдары еліміз қай орынға келеді деп ойлайсыз? Еліміздегі жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қазіргі кезде қандай шаралар қолданылып жүр? Жемқорлыққа қарсы қай елді үлгі етіп алуға болады? Міне, осы сұрақтар төңірегінде оқушылар маңызды мәліметтерді талқылады.
Дөңгелек үстелге оқушылар белсенді қатысты.