Жедел әрекет етудің арқасында 2 жасар сәбиді аман алып қалған полицей

Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Ерік Ақмолдаев, денесі құрысып, талып қалған кішкентай балаға алғашқы көмек көрсетіп, анасының алғысын алды.
Нақтырақ айтсақ, С.Ерубаев көшесінде күнделікті өзіне жүктелген жұмысын атқарып тұрған полицейдің жанына белгісіз әйел келіп, ұлының аяқасты ауырып, талып қалғанын айтып көмектесуін сұрайды. Мұны естіген полицей шұғыл әрекет етіп, баланы сол маңдағы дүкенге жылы жерге кіргізеді.
- «Мен ол сәтте бәрін қойып, кішкентай баланың аман қалуын ойладым. Бірден ыңғайлы орын іздеп, қасымызда тұрған дүкенге көтеріп кіргіздім. Қолымнан келгенін жасап жатырмын. Сол сәтте жаныма өзін медбикемін деп таныстырған әйел келді. Содан екеулеп отырып, балаға алғашқы көмек бердік. Яғни мен ұл баланың денесін ұстап, жағын ашып тұрдым, ал көмекке келген тұрғын тілін жұтып қоймас үшін қасықпен тартып алып, жағдайды жақсартты. Содан жедел жәрдем баланы анасымен мінгізіп жібердік»-деп атап өтті оқиға жайлы полицей. Көз алдында баласының әлсіз, қимылсыз түрін түрін көріп, қатты қорқып қалған ана: «Полицей менің баламды өлімнен құтқарып қалды. Үлкен алғысымды айтамын. Мұндай азаматтар қандай марапатқа болсын лайық, осындай азаматтарымыз көп болсын. Жұмысы алға баса берсін!»-деп аналық ақ тілегін жеткізді.
Қазіргі таңда бала ауруханада ем қабылдауда. Ал полицей Ерік болса, оның хал-жағдайын біліп, жеміс-жидек, тәттілерін апарып берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста