ЖАҢА ҚҰРАМ ЖАҢА ЕРЕЖЕМЕН!

Бүгін Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітіліп, алғашқы отырысы өтті. Бұл құрамды жасақтау кезеңінің өзінде көптеген жаңашылдықтарымен басталды. Мысалы:
1) Бұрындары әкім тікелей өзінің ұсынысымен 7-8 адамды кеңес құрамына ұсына алатын еді. Бұл жолы алғашқы рет құрамды жасақтауда қала әкімі М.Әйтенов мырза өзінің "кандидат ұсыну" құзіретінен бас тартуы.
2) Бұрындары кеңес құрамында 5-6 маслихат депутаттары болатын. Бұл жолы да алғашқы рет кеңес құрамына бірауыздан ешқандай депутат өз кандидатурасын ұсынған жоқ.
3) Елімізде алғашқы рет кеңестің төрағасын "ауыспалы ету" ережесінің енгізілуі. (Бұл жайлы толығырақ төменде)
Осылай Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін жасақтау өзіндік ерекшелігімен өтті. Болашақта бұл бастамаларды өзге өңірлер де қолданысқа алады деп үміттенемін.
Сонымен алғашқы кеңес отырысының күн тәртібінде талқыланған мәселелер:
1) Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің Ережесін бекіту.
2) Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасын сайлау
3) Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төралқа құрамын сайлау.
1) Ережеге аздаған өзгерістер енгізілді.
Ең бастысы осы ереженің "Кеңес төрағасының құзіретіне байланысты" бөлігінің 7-ші тармағына "Төраға әр тоқсан сайын қайта сайланады. Бір адам қатарынан екі рет төраға бола алмайды" деген өзгерістің енгізілуі.
Бұл дегеніміз - әрбір тоқсан сайын төраға ауысып отырады деген сөз.
Қалған бөліктері заң нормалары аясында жасалғандықтан бірауыздан қабылданды.
(Ұсыныстар болып жатса қосымша өзгерістер енгізуге болатын құқықпен).
2) Алғашқы төрағаны сайлау бойынша бірнеше кандидаттар ұсынылды. Бірақ, кеңес мүшелерінің жеке пікірлерін тыңдап, өзара пікіралмаса отырып алғашқы төрағамызды қызмет өтілі мен тәжірибесін ескеріп Шалатай Мырзахмет ағамыздың кандидатурасын дауысқа салу мақұлданды.
Осылай Шалатай Мырзахмет ағамыздың кандидатурасы дауысқа салынып, бірауыздан алғашқы тоқсандық төрағамыз болып сайланды.
Жиын барысында өзімнің "Ауыспалы төраға" болуын толық қолдайтынымды білдірдім. Өйткені, біріншіден бұл демократия мен теңдік ұстанымымен ұштасып жатса, екіншіден "Төраға бәрін шешеді. Төраға не айтса сол болады т.т." стереотиптен арылтады. Үшіншіден, алдағы күндері кеңес мүшелерінің кез-келгені жасы мен жынысына қарамастан қарым-қабілетіне қарай төрағалық етуге мүмкіндіктері туады.
Бес бағыт бойынша комиссия төрағалары да сайланды. Қоғамдық кеңес мүшелері мен комиссияның төрағалары жайлы алдағы күндері Қоғамдық Кеңес парақшасынан танысуларыңызға болады.
Өзім Қоғамдық кеңес мүшелігіне өттім. Маған сенім білдірген жұмысшы тобына алғысымды білдіремін. Кеңес мүшелерінің барлығы дерлік ел алдында жүрген азаматтар. Сондықтан, нәтижелі жұмыстарымен еліміздің өркендеуіне үлестерін қосарына сенімдімін!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста