Вакцинация алғандар арасында ұтыс ойынының тікелей эфирі 31 шілдеде өтеді

Вакцинация алғандар арасында ұтыс ойынының тікелей эфирі 31 шілдеде өтеді

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші ұтыс ойыны 31 шілде (сенбі) күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді. Төртінші ұтыс ойынына 24 шілде мен 30 шілде аралығында вакцинацияланғандар қатысады. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункттері қатысады: медициналық мекемелердегі, СОО/СҮ-дегі. Ұтыс ойынына қатысу автоматты, құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцинацияланғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына "Абу Даби Плаза", "Керуен", "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталықтарында және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакцинацияланған адамдар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді.

IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын әкімдік апта сайын — жаздың соңына дейін өткізеді.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцинацияланғандардың ID нөмірі арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар ойнатылады. Вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер де ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО-лар және сауда үйлері. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО вакцинация пунктінде бірінші компонентпен вакциналанғандар арасында автокөліктің ұтыс ойыны өтетін хабарлады.
Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.


BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста